Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Иман | Просмотров: 2948
Печать

Allahtan-korkuОмар ибн Хаттабтың халифалық еткен кезінде Мәдинадағы мұсылмандардың жағдайымен етене танысып, тұрмыс-тіршілігін өз көзімен көру үшін түрі мен киімін өзгертіп, қасына қызметші жігітін ертіп, іңір қараңғысы түскен соң қаланы аралайтын әдеті болатын, Сол әдетімен бір күні қала ішінде жүріп шаршаған соң бір үйдің қабырғасына арқасын сүйеп демалып тұрған кезде үй ішінде бір әйелдің өз қызына бүйырып: “Әй, қызым, тұр. Мына сутке су қосып араластыр,” - деген сөзін құлағы шалады. Оған қызы: “Ей, анам, халифа Омар ибп Хаттабтың адамы келіп, сутке су қосып айла жасамауды ескерткен жоқ па?” - деп қарсылық білдірді.

Сонда шешесі оған: “Халифа қайда, біз қайдамыз?! Бізді ол көріп тұр деймісің? Тұр, айтқанымды орында,” - деп бұйырады.
Егер бізді муминдердің әміршісі, халифа көрмесе, әміршінің де бәріміздің де Раббымыз Алла Тағала көріп тұрган жоқ па?! Алла атымен ант етемін, мен ешқашан Алла алдында күнәлі іс істеп, халифа әміріне теріс нәрсе жасамаймын," - деп қызы да алған бетінен қайтпайды.
Жас қыздың бұл сөзін үй сыртында естіп тұрған халифа Омар ибн Хаттаб оған разы болып, ертесіне ұлы Асимға тақуалығы ұнаған сол қызға үйленуге кеңес береді. Ұлы әкесінің талабын орындап, ол қызға үйленеді. Ол әйелден туылған қызы бойжеткен соң тұрмысқа шығып, одан ізгі халифалардың бесіншісі саналатын Омар ибн Абдул Азиз туылады. Ол ең әділ халифа болады.

Ғибрат: Егер бұл қыз күнәлі іс істеуден тартынбай, шеше әмірін орындағанда халифаның ұлына үйленбеген болар еді. Бірақ күнәлі істен бас тартқаны үшін Алла Тағала оған сый ретінде ұлы халифа Омар ибн Хаттабтың келіні болуды бұйыртып, Омар ибн Абдулазиз сынды әділ халифаның әжесі болуын нәсіп етті.
Алла Тағала Құран Кәрімде мұндай құлдары жөнінде: “Кім Алладан қорықса, оған бір шығар жол пайда қылады. Оған Алла ойламаған жерден рызық береді,” - дейді ( ІЛа тк, 3-2).

Араб тілінен аударған: Қ. Садыбаев

Пікірлер  

 
жаннұр төремұратқызы 22.11.2013 23:21
Әрине, АЛЛАХ тағала бәрін көріп біліп тұрады. Ей мүмін бауырлар адамнан қорықпасақта жаратушымыздан қорқайықшы.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Ақерке 18.12.2013 13:08
Аллах әр бір мусылман қызына осындай бакытты болуды насіп еткей! жаксы адамның жары жаксы балаға жаксы ана болу бакытын бұйырсын! Алланын нуры жаусын баршанызға
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
айгерім 25.11.2015 19:52
ммммммммммм :-)
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
айгерім 25.11.2015 19:54
дұрыс Алла Тағала қашанда бізді қорғайды :-)
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге қосылыңыз

Бізді твиттерде оқыңыз!

Соңғы пікірлер

  • Истихара намазы

    Индира
    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН ИМАНДЫЛЫК БАЙЛЫГЫН БЕРСЫН АЛЛАМ
     
  • Үш үгіт

    Самигулла
    Өнегелі сөз екен! Халқымызда да бар мақал, өткен ...
     
  • Ана өсиеті

    Нұрболат
    Алла разы болсын!Дәл осындай ақыл айтатын аналарымыз ...
     
  • Адал ас

    Бақытжан
    ТАҢСҰЛУ 13.05.2016 12:55 Алла разы болсын! Мен ...

Статистика

2697436
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
270
382
1040
8815
16108
2697436