Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Қажылық | Просмотров: 3710
Печать

ozindi-ozgeden-jogari-koiya-biluҚажылыққа келе жатқан бір топ адамның шөл далада азықтары таусылып қалады. Төңіректе көздеріне ештеңе шалынбайды. Содан екі-үш жігітті айналаны шолып, егер табылса тағам тауып келуге жібереді. Екі-үш жігіт біраз айналып, бір шатырды көздері шалып, соған қарай жүрді. Сәлем беріп ішке кірсе ішінде жасы келген қарт әйел отыр екен. Олар тағам бар болса өздеріне сатып алғысы келетіндіктерін айтады. Қарт әйел: “Менде сатуға арналған тамақ жоқ, бірақ малын бағып қайтатын балаларыма арналған тағам бар еді,” - дейді. Ашыққан жігіттер қарт анадан сол тағамды беруін сұрайды.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Қажылық | Просмотров: 3684
Печать

duga-etuАлла зарарға ұшырағандар мен мұқтаж кісілердің дұғасын қабыл етеді.
Бұл әңгімені Мәлик ибн Динар деген кісі айтқан. Ол қажылық сапарға шығып жолда келе жатқанда тұмсығында бір жапырақ наны бар құсты байқайды. Ол бұған қарап қалып: “Мына құстың бұл бір жапырақ нанды не істейтінін байқайыншы,” - деген ойға келеді,
Ол былай әңгімелейді: “Сонымен, әлгі құстың соңынан жүріп отырдым. Ол қол-аяғы байланған бір қария кісінің жанына ұшып келіп, тұмсығындағы әлгі нанды оның аузына салып, қайта ұшып кетті де, аздан кейін тұмсығына су толтырып келіп, әлгі қария кісінің аузына құйды. Мен қарияға жақындадым да: “Ия, қария, мұндай халге қалай тап болдыңыз?” - деп сұрадым. Ол: “Мен ұрылардың қолына түстім. Олар менің барлық нәрселерімді алды да, өзімді байлап тастап кетті. Бес күн бойы өзімді қысқан аштыққа сабыр еттім.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Қажылық | Просмотров: 12249
Печать

Әдiл билiктiң абзалдығыБiр замандарда бiр елде 70 рет қажылық өтеген кiсi өмiр сүрiптi. Сол елдегi бiр бидiң бiр де бiр рет қажылыққа баруға мүмкiндiгi болмапты. Күндердiң күнiнде биге бiр досы: «Анау кiсiден жетпiс қажылығының бiреуiнiң сауабын сұрап алмайсың ба?» - деп кеңес бередi. Сауап сұрап келген биге ол:

- Мен саған бiр емес, алпыс тоғыз қажылығымның сауабын берейiн, сен маған ең әдiл бiр билiгiңнiң сауабын берсең, - дейдi. Би ойланып қалыпты. Өйткенi, бiр рет әдiл билiк шығару алпыс тоғыз қажылықтан ауыр әрi абзал болуы мүмкiн екен.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Қажылық | Просмотров: 7117
Печать

Сауабы артық амалБiр иманы берiк тақуа кiсi қажылық жасауға кетiп бара жатады. Ол жолда бiреудiң күресiнге өлген тауықтың етiн тастап кеткенiн көзi шалып қалады. Оның iзiнше әлгi тауықты сол жерден тауып алып, әкетiп бара жатқан қызды көредi. Қызды тоқтатып алады да:

- Мұның не? - деп сұрайды. Қыспаққа алған соң қысылып тұрған қыз, шынын айтады:

- Бiз жетiмдер едiк. Бiраз болды, ашпыз. Бiздiң бұл халiмiзден көршi-қолаңдарымыз бейхабар, - дейдi. Сонда әлгі кісі есептеп қараса, қажылыққа жұмсайтын қаражатқа деген мың динары бар екен. Одан қайтар жол шығынын өтейтiндей аз қаржы алып қалып, қалғанының бәрiн әлгi жетiмдерге бередi.

Подробнее...
 

Бізге қосылыңыз

Бізді твиттерде оқыңыз!

Соңғы пікірлер

  • Истихара намазы

    Индира
    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН ИМАНДЫЛЫК БАЙЛЫГЫН БЕРСЫН АЛЛАМ
     
  • Үш үгіт

    Самигулла
    Өнегелі сөз екен! Халқымызда да бар мақал, өткен ...
     
  • Ана өсиеті

    Нұрболат
    Алла разы болсын!Дәл осындай ақыл айтатын аналарымыз ...
     
  • Адал ас

    Бақытжан
    ТАҢСҰЛУ 13.05.2016 12:55 Алла разы болсын! Мен ...

Статистика

2714821
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
85
669
3432
8626
17574
2714821