Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Қажылық | Просмотров: 3682
Печать

ozindi-ozgeden-jogari-koiya-biluҚажылыққа келе жатқан бір топ адамның шөл далада азықтары таусылып қалады. Төңіректе көздеріне ештеңе шалынбайды. Содан екі-үш жігітті айналаны шолып, егер табылса тағам тауып келуге жібереді. Екі-үш жігіт біраз айналып, бір шатырды көздері шалып, соған қарай жүрді. Сәлем беріп ішке кірсе ішінде жасы келген қарт әйел отыр екен. Олар тағам бар болса өздеріне сатып алғысы келетіндіктерін айтады. Қарт әйел: “Менде сатуға арналған тамақ жоқ, бірақ малын бағып қайтатын балаларыма арналған тағам бар еді,” - дейді. Ашыққан жігіттер қарт анадан сол тағамды беруін сұрайды.

Кейуана: “Оны қарындары ашып шаршап қайтатын ұлдарыма дайындаған едім. Менде ыстық тастың астына басылған нан, бар соны берейін,” - дейді. Олар тағамның жартысын беруін сұраған да кейуана: “Жартысын бере алмаймын. Барлығын алыңдар,” - дейді. Олар: “Жартысын беруден бас тартып, барлығын тұтастай беруіңіз қалай?” - деп таң қалады. Ол: “Өйткені жартысын беру адамның қадірін төмендетеді. Ал, барлығын беру - жақсы қасиет,” - деп жауап береді. Сөйтіп, оларға тұтас нанды береді, бірақ олардың қайдан келе жатқан адамдар екенін сұрамайды. Тамақ алып қайтқан жігіттер сапарды басқарушыға болған істі баян етеді. Ол қарт ананы алып келулерін талап етеді.

Олар қайта келіп, қарт анаға өздеріндегі үлкен кісінің сый жасағысы келгенін айтып, бірге жүруін өтінеді. Қарт ана: “Құдайым-ау, бұл үлкен құрмет, бірақ менің жасағаным ешқандай сый жасауға тұрарлық жақсылық емес қой. Әшейін, адамдардың бір-біріне көмектесуі емес пе?!” - дейді. Олар өздерімен жүруін өтініп болмаған соң бірге еріп барады. Сапарды басқарушы үлкен кісі әйелдің жай-күйін сұрады. Ол әйел: “Мен бір кедей әйелмін. Аз тамаққа қанағат етіп, таза бұлақтан су ішемін, жаным қайғыдан таза,”- дейді. Сапар басшысы: “Егер ұлдарың ашығып келсе, оларға не бересің?” - деп сұрайды. Әйел: “Ей, мырза, бұл істі мүлде қиындатып жібердіңіз-ау. Мен бір кісіге жасаған жақсылығымның қайтарымын одан күтпеймін" - дейді.
Сапар басқарушысы қасындағы жігіттерге қарт ананың ұлдарын жеткізулерін талап етеді. Олар келген соң жағдайын сұрап біледі. Одан кейін жігіттеріне қарт ана мен ұлдарына он мың дирһам беруді бұйырып, құрметпен шығарып салады.
Ғибрат: Өзге елден келген, сапарда жүрген кісілерге көмектесіп, оларға қонақжайлық ету - уәжіп. Қонақ хақын бермей сараңдық жасаған кісі өзіне шапағатты сараңдық еткен болады. Сондықтан қарт әйел жомарттық, қонақжайлылық көрсете тұрып, жасаған қайырымдылығының ақысын пұлдап, ізгі істің сауабын жоғалтқысы келмеді. Керісінше, істеген жақсылығының сыйын тек Алладан күтті.

Араб тілінен аударған: Қ. Садыбаев

Пікірлер  

 
қайрат 03.09.2013 15:34
Аллаһ разы болсын
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Aziza 03.09.2013 22:19
ИншаАлах сондай адам болуды жазсын.....
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Aziza 03.09.2013 22:21
Аллах өзі кешірсін "ИншаАллах"
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Айғаным 09.09.2013 00:13
машаллах.!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Көгершін 10.09.2013 15:57
МашАллах!Аллах сондай адамдардын қатарынан болуды жассын
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
молдир 10.09.2013 23:11
МашАллах,кайырымды жандар коп болгай!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
едил 12.09.2013 11:42
Алла разы болсын!!!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
dastan 19.12.2013 22:12
assaliamu aleikum bratia i sestry kok mojno prosluwat polny daguat
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
dastan 19.12.2013 22:13
polnyi daguat daryn mubarov
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
dastan 19.12.2013 22:14
men jauap alalamba?????????
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
назым 02.02.2014 11:14
машаллах!!! мусылмандардын барлыгына аллам журектерине имандык берсин
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Аязбек 02.02.2014 15:13
Мен бір кісіге жасаған жақсылығымның қайтарымын одан күтпеймін" - дейді әйел. Бәрімізгеде осындай кең жүрек нәсіп болсын.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге қосылыңыз

Бізді твиттерде оқыңыз!

Соңғы пікірлер

  • Истихара намазы

    Индира
    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН ИМАНДЫЛЫК БАЙЛЫГЫН БЕРСЫН АЛЛАМ
     
  • Үш үгіт

    Самигулла
    Өнегелі сөз екен! Халқымызда да бар мақал, өткен ...
     
  • Ана өсиеті

    Нұрболат
    Алла разы болсын!Дәл осындай ақыл айтатын аналарымыз ...
     
  • Адал ас

    Бақытжан
    ТАҢСҰЛУ 13.05.2016 12:55 Алла разы болсын! Мен ...

Статистика

2697436
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
270
382
1040
8815
16108
2697436