Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Зекет | Просмотров: 17559
Печать

Үш жігітБаяғыда бір елде үш жігіт өмір сүріпті, олардың біреуі алапес, бірі таз, енді бірі соқыр екен. Аллаһ Тағала оларға сынау үшін періштені жіберіпті. Періште алапеске адам бейнесінде келіп:

- Қандай арманың бар? - деп сұрайды.

- Денем мынау кеселден тазарып, жұрт жиіркеніп қарамайтындай болсам екен, - дейді ол. Періште қолын тигізе салысымен, оның денесі дерттен тазарып шыға келеді.

Сосын періште:

- Қандай мүлкің болғанын тілейсің? - дейді.

- Көп түйем не сиырым болса екен, - дейді жігіт.

Періште оған боталы түйе тарту етіп:

 - Малың көбейіп, саған Аллаһтың жақсылығы болсын, - деп онымен қоштасып, тазға келеді. Одан да:

- Қандай арманың бар? - деп сұрапты.

- Басымда әдемі шашым болса, жұрт келеке етіп күлмесе екен, - дейді таз.

Періште қолын тигізуі мұң екен, ол да дертінен айығып, қою шашты жігіт боп шыға келеді.

- Қоралы сиыр немесе келелі түйем болса, - деп тілейді жігіт. Сол-ақ екен, оған сауын сиыр тарту етілді.

- Малың көбейіп, саған Аллаһтың жақсылығы болсын! - дейді періште. Сөйтіп ақырында соқырға келіп, тілегін сұрапты.

- Аллаһ Тағала маған бұрынғыдай жарық дүниені көрсететін көз берсе екен, - дейді зағип.

Аллаһтың құдіретімен оның да көзі жазылып, қалпына келеді. «Қандай мүлік тілейсің?» - деген сұраққа:

- Азын-аулақ уақ мал болса жетеді, -деп жауап беріпті зағип. Періште оған уақ мал сыйлап:

- Малың көбейіп, саған Алланың жақсылығы болсын, - деп жөніне кетіпті.

Бір күні періште алапес мүсә­пір адам бейнесіне еніп, алғашқы жігітке келеді.

- Мен бір мүсәпір жолаушы едім, азығым таусылды. Алдымен Аллаһқа, сосын сізге үміт артып тұр­мын.

Сізге осындай көрікті келбет және дүние-мүлік берген Аллаһтың атымен сұраймын, маған бір түйе беріңіз, сапарымды жалғас­ты­райын, - деп сұрайды ол.

- Бұл түйелерді саған бере алмаймын, мен бұларды ата жолымен мұраға алғанмын, - деп сараңдық танытып, әлгі жігіт бермейді. Пе­ріште болса:

- Бір кездегі адамдар жанына жолатпайтын алапес сен емес пе ең? Байлықты да саған Аллаһ бермеп пе еді? Егер жалған сөйлесең, Аллаһ сені баяғы қалпына келтірсін, - депті.

Аллаһты ұмытқан жігіт малынан да, көрікті келбетінен де айырылып, алапес қалпына түсіпті.

Сосын періште таз бейнесінде екінші адамға келеді. Ол да бірінші жігіттің айтқанын қайталайды. Сөйтіп таз қалпына қайта келеді.

Ақыры періште соқыр кей­пінде үшінші жігітке келіп көмек сұрайды.

- Ей, мүсәпір! - дейді ол жігіт, - ке­зінде мен де зағип болғам. Аллаһ маған қайтадан көз берді. Мынау - Аллаһтың берген дәулеті, қалағаныңша ала бер, мен сенің қолыңды қақпаймын. Аллаһтың қалауы болады.

Сонда оған періште былай деді:

- Дәулетің өзіңе бұйырсын. Бұл сендерге жіберілген сынақ болатын. Аллаһ саған разы болды, ал анау екі жолдасың Оның қаһарына ұшырады.

Авторы: Пернегүл Үсенова

Пікірлер  

 
Ұлбосын 07.04.2012 18:46
Аллаһтың бізге беріп жатқан рызықтарына шүкір еткен құлдардан болайық! ИншаАллаһ!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Ербол 23.07.2013 19:52
Амин!!!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Бакытжан 10.08.2013 20:38
Мени оте катты ойландырды.Ойткени,к ай уакытта сынакка тусип жатканынды билмейсин!Менимше,ар бир адам ушин-омирдин арбир минуты сынак.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Олжас 21.08.2013 15:54
шукиршилик ете билу керек. Аллаһ бизди шукиршилик ететин қулдарынан етсин!!!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
ренат 29.08.2013 20:09
құрметті сайт редакторлары сіздендің қадамдарыңызға алланың нұры жаусын бұл мақаланыңдың әлі коп болар деген сенімдемін мақалалар менің озіме жақсы әсер тигізді,
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Gibrat.Kz 29.08.2013 20:42
Амин! Жақсы лебіздеріңіз үшін Алла разы болсын! Мақалаларды әліде саламыз. Енді қызықты мақалалар әлі алдыда.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
жаннұр төремұратқызы 24.11.2013 00:35
Барша адамзат баласы шүкіршілік еткенге не жетсін.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Габит 25.11.2013 10:34
Аллаһ біздерді де шүкірлік ету, имани нығметтерімізден айырмасын
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге қосылыңыз

Бізді твиттерде оқыңыз!

Соңғы пікірлер

  • Истихара намазы

    Индира
    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН ИМАНДЫЛЫК БАЙЛЫГЫН БЕРСЫН АЛЛАМ
     
  • Үш үгіт

    Самигулла
    Өнегелі сөз екен! Халқымызда да бар мақал, өткен ...
     
  • Ана өсиеті

    Нұрболат
    Алла разы болсын!Дәл осындай ақыл айтатын аналарымыз ...
     
  • Адал ас

    Бақытжан
    ТАҢСҰЛУ 13.05.2016 12:55 Алла разы болсын! Мен ...

Статистика

2714798
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
62
669
3409
8603
17574
2714798