Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Зекет | Просмотров: 38926
Печать

Зекеттің артықшылығыЖәннат есігінің алдында төрт кісі тұр екен. Олардан жәннатқа кім бірінші кіруге лайық екенін анықтау керек болыпты. Олардың бірі - мұсылманның бес парызын түгел өтеген кісі, екіншісі - шиит, үшіншісі - ғалым, төртіншісі - зекет берген кісі екен.

 Әуелі бес парызды өтеу­шіден:

- Саған жәннатқа лайық амалдарды жасау керек еке­нін кім айтты? - деп сұрапты.

- Маған Исламның барлық бес парызын - иман келтіру, намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру және қажылықты орындау арқылы жәннатқа баратынымды ғалым айтты, - депті ол.

 - Маған да Алла Тағала Құран арқылы түсірген хақ дін - Исламның жолында соғысқа шығып, сонда өліп кетсем, жәннатқа баратынымды айтқан ғалым, - депті шиит.

Сонда ғалымнан:

- Сен мұның бәрін қайдан біл­дің? - деп сұрапты.

- Мен алыс елге барып оқып, іздендім. Ал, менің оқып, білім алуы­ма, ізденуіме жағдай жасаған, қаржыландырған зекет беру­ші, - депті ғалым.

Содан бәрінен де зекет беру­ші­нің еңбегі артық жоғарғы дәрежеге бағалап, жән­натқа бірінші  кіруге лайық деп табылыпты.

Авторы: Пернегүл Үсенова