Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Зекет | Просмотров: 18760
Печать

Өтелмей кеткен зекетСалаба есімді сахабаның дү­ние-мүлік­ке, байлыққа құштарлығы ерекше болыпты. Күндіз-түні баюды армандаған ол ақыры Пай­ғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп былай депті:

- О, Аллаһтың Елшісі! Мен үшін «бай болсын» деп Аллаһқа дұға еті­ңізші!

Пайғамбарымыз оған:

- Шүкірін өтей алатын аз малың шүкірін өтей алмайтын көп малдан артық емес пе? - деп қайтарып жібереді. Салаба екінші рет келеді. Бұл жолы Пайғамбар қабағын түйіп:

- Аллаһқа ант етейін, егер шын тілесем мына тау мен тастың бәрі маған алтын боп берілер еді, бірақ мен қаламадым, - дейді.

Шындығында, Пайғамбардың үйінде апта бойы, кейде ай бойы тіске басар тамақ табылмаған кездер болған. Аллаһ Елшісі аузын ашарда 3-4 құрмамен шектелетін.

Уақыт өте келе «Байысам, кедей-кепшік­терге қол ұшын беріп, кө­бірек сауап жинамас па едім» деген ойлар мазалаған Салаба Пайғам­бар­ға тағы да қолқа салады. Егер байыса, жарлы-жақыбайларға кө­мек­тесеті­нін айтып, Аллаһтың атымен ант ішеді. Пайғамбар Аллаһқа дұға жасап, Салабаның малы көбейе бастайды.

Бұрын Пайғамбарымыздың ізімен мешіттен шықпай, үзбей намаз оқитындығы үшін «мешіт құсы» атанып кеткен Салаба мешіт­ке анда-санда ғана бас сұғатын болды, көбіне көп малын игере алмай намазын қаза етіп жүрді. Аз уақытта асып-тасқан малына жаңа жайылымдар іздеген ол тек жұма намаздарына келетінді шығарды.

Бірте-бірте оны да қойды. Осы уақытта зекет-садақа жайлы Аллаһтың аяттары түсіп, әр мұсылман ша­ма-шарқынша өзгелерге көмек­тесіп жатқанда, Салаба:

- Бұларың қып-қызыл адам талау емес пе? - деп малының зекетін өтемей қойды.

Мұны естіген Пайғамбар:

- Қап, Салабаға обал болған екен, - деп мұңайды.

Салаба бір туысының жанына батыра айтуынан соң кедейлердің ақысын беріп, Аллаһ алдындағы күнәсін жумақ боп арық-тұрақ малын айдап Пайғамбарымызға келгенде, ол кісі Аллаһтың тыйымымен Салабаның малын енді қабылдай алмайтынын айтады.

Кейіннен Мұхаммед (с.ғ.с.) дү­ние­ден қайтқанда, одан кейінгі халифалар хазірет Әбубәкір мен ха­зірет Омар да оның зекетін қабылдамады. Хазіреті Оспан тұсында Салаба қайтыс болар алдында құлағында:

«Шүкірін өтей алатын аз малың шүкірін өтей алмайтын көп малдан артық емес пе?» - деген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сөздері жаң­ғырып тұрды.

Авторы: Пернегүл Үсенова

Пікірлер  

 
кайрат 22.07.2013 15:32
әссәләмуәлейкум сіздерге Аллахтын нұры жаусын мына сайттарыңыз өте сауапты іс Аллах разы болсын
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Gibrat.Kz 23.07.2013 18:17
Алланын сәлемі болсын сізгеде Кайрат! Қолдау көрсетіп дұға жасап жатқаныңызға сізгеде Аллаһ разы болсын. Сіздерден пікірлер, хаттар күтеміз. Сайттың әрі қарай дамуына үлестеріңізді қосыңыздар.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Магжан 29.07.2013 13:42
Ассаламуалейкум сиздерге аллаhтын нуры жаусын.осындай сайттар кобейе берсин.Aллам разы болсын сендерге
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Gibrat.Kz 30.07.2013 16:37
Алланын сәлемі болсын! Алла сізге де разы болсын!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Бақыт 01.08.2013 05:24
Ассалаумағаләйкум мұсылман бауырларым сiздерге мейрiмдi алланын НУРЫ жаусын осындай сайттар көбейсін!!!алланын ак жолың тiлеймін мұсылман бауырларыма
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Ақерке 03.08.2013 23:03
Ассаламуалейкум уа рахматтулахи уа баракәтух сіздердін сайттарыныз маған да қатты ұнады
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Габит 25.11.2013 10:05
Машаллаһ оқырмандарға үлкен көмек болатын әңгімелер екен№ Сіздерге Алла разы болсын!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Сұңқар 15.07.2014 11:56
Барлығымызды да Алла жарылқасын. Мен өз басым кейде бұл өмірден шаршағанда, осында діни мағанасы терең уағыздарды естісем, оқысам бір сергіп қаламын. Сондықтан басқаларға да мұсылман діннен ләзат алыңыздар дегім келеді.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге қосылыңыз

Бізді твиттерде оқыңыз!

Соңғы пікірлер

  • Истихара намазы

    Индира
    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН ИМАНДЫЛЫК БАЙЛЫГЫН БЕРСЫН АЛЛАМ
     
  • Үш үгіт

    Самигулла
    Өнегелі сөз екен! Халқымызда да бар мақал, өткен ...
     
  • Ана өсиеті

    Нұрболат
    Алла разы болсын!Дәл осындай ақыл айтатын аналарымыз ...
     
  • Адал ас

    Бақытжан
    ТАҢСҰЛУ 13.05.2016 12:55 Алла разы болсын! Мен ...

Статистика

2714798
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
62
669
3409
8603
17574
2714798