Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Пайғамбарлар парасаты | Просмотров: 2793
Печать

Alla-aldynda-barlyk-adam-birdeiУсама ибн Зейд Алланың елшісіне (с.а.с.) келіп, сәндік бұйымдар ұрлаған Әсуад ибн Абдуласадтың қызы Фатимаға аяушылық жасап, ұрлық жасаған адамдарға берілетін жазадан құтқаруын өтінеді. Сонда Алланың елшісі (с.а.с.): “Алла белгілеген жазадан жеңіл жаза іздеп тұрмысың, әй, Усама?! Алла атымен ант етейін, егер Мұхаммедтіц қызы Фатима ұрлық жасаса, Мұхаммед оның да қолын кескен болар еді. Расында, сіздерден бурынғы өмір сүрген қауымның түбіне жеткен нәрсе де осы болатын. Егер олардың құрметті адамы ұрлық жасаса тиіспейтін еді де, егер әлсіздері ұрлық жасаса, оған жаза беруші еді”, - дейді.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Пайғамбарлар парасаты | Просмотров: 4437
Печать

kewirim-surai-biluБір әңгіме бойынша Сүлеймен пайғамбар бір күні демалып отырған кезде кеудесінде жорғалап бара жатқан құмырсқаны алып лақтырып жібереді. Жәбірленген қүмырсқа ашуланып: “Әй, Алланың пайғамбары, сен маған аяушылық етпестен неге лақтырасың? Қиямет күні жер мен көктердің Иесі, жәбірленушінің ақысын зұлымдық етушіден алып беретін, әділдік иесі Алла Тағаланың алдында жауап беретіндігіңді ұмыттың ба?” - дейді. Құмырсқаның бұл сөзін естіген Сүлеймен пайғамбар есінен танып қалады. Сәлден соң есін жинап, қүмырсқадан кешірім сұрайды.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Пайғамбарлар парасаты | Просмотров: 2840
Печать

ailakerler-bizden-emesБір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) өз сахабаларымен бірге базар аралап жүріп бара жатып бидай сатып тұрған бір кісіге назары ауады. Оның қасына келіп, бидайға қолын салып көргенде оның ылғал екенін байқайды. Саудагер көз бояу үшін оның бет жағына құрғақтарын салып қойған екен.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) одан: “Әй, зат иесі, мына бидайың неге ылғал?” - деп сұрайды.
Сонда ол: “Ия, Алланың елшісі, жауын жауғаннан ылғалданып қалған ғой,” - дейді қуыстана. Пайғамбарымыз (с.а.с.): “Ендеше адамдардың байқауы үшін оны көрсетіп қоймасың ба?” - дейді.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Пайғамбарлар парасаты | Просмотров: 4066
Печать

Әзірейілді таңғалдырғанХақ Тағала әу бастан әрбір пендесінің қай уақытта және қай жерде өлетінін жазмышқа жазып қойған. Сол себепті адамның ажалы жеткен сәтте сол жаны шығатын мекенге барып өледі. Бір елдің атақты бір актері өмір бақи ұшаққа мінуден қорқады. Жасы елуден асқан шақта бір күні амалсыз шақырылған жерге жедел бару үшін ұшаққа мінеді. Ұшақ қозғала бастағанда әлгі әртіс кенеттен көз жұмып, жантәсілім етеді... 

Осыған ұқсас бір оқиға хазіреті Сүлеймен заманында да болады. Бір күні бір адам хазіреті Сүлеймен патшаға жүгіріп келеді. Жүзі қуарып, бүкіл денесі дірілдеп қатты қорқып тұрды. Бұны көрген Сүлеймен пайғамбар: «Саған не болды, өңің қуарып кетіпті ғой?»,- деп сұрайды.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Пайғамбарлар парасаты | Просмотров: 3053
Печать

Біз Аллаһты сынай алмаймызБір пайғамбар (ғ.с) жардың шетінде отырса, шайтан келіп: “Ей,пайғамбар! Сақтаушы Аллаһ екені рас па?” - деп сұрапты. Оған: “Ия” - деген жауап қайтарылады. Сонда шайтан: “Онда сен жардан өзіңді-өзің лақтырып көрші, Аллаһ сақтап аман қалар ма екен” - деп шап ете түседі. Оған пайғамбар (ғ.с) былай деп жауап қайтарады: “Ей, лағнеті шайтан! Аллаһ бізді сынау үшін жаратқан, ал біз Аллаһты сынай алмаймыз”. Бұндай қисық, қыңыр сұрақты қою шайтанның ісінен екенін көрсетеді.

Подробнее...
 
<< В начало < Назад 1 2 3 Вперёд > В конец >>

Бізге қосылыңыз

Бізді твиттерде оқыңыз!

Соңғы пікірлер

  • Истихара намазы

    Индира
    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН ИМАНДЫЛЫК БАЙЛЫГЫН БЕРСЫН АЛЛАМ
     
  • Үш үгіт

    Самигулла
    Өнегелі сөз екен! Халқымызда да бар мақал, өткен ...
     
  • Ана өсиеті

    Нұрболат
    Алла разы болсын!Дәл осындай ақыл айтатын аналарымыз ...
     
  • Адал ас

    Бақытжан
    ТАҢСҰЛУ 13.05.2016 12:55 Алла разы болсын! Мен ...

Статистика

2697546
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
380
382
1150
8925
16108
2697546