Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Пайғамбарлар парасаты | Просмотров: 2867
Печать

ailakerler-bizden-emesБір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) өз сахабаларымен бірге базар аралап жүріп бара жатып бидай сатып тұрған бір кісіге назары ауады. Оның қасына келіп, бидайға қолын салып көргенде оның ылғал екенін байқайды. Саудагер көз бояу үшін оның бет жағына құрғақтарын салып қойған екен.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) одан: “Әй, зат иесі, мына бидайың неге ылғал?” - деп сұрайды.
Сонда ол: “Ия, Алланың елшісі, жауын жауғаннан ылғалданып қалған ғой,” - дейді қуыстана. Пайғамбарымыз (с.а.с.): “Ендеше адамдардың байқауы үшін оны көрсетіп қоймасың ба?” - дейді.

Қулығы әшкере болған саудагер ештеңе дей алмайды. Сонда Алланың елшісі (с.а.с.): “Бізді алдаушылар бізден (мұсылмандардан) емес,” - дейді.

Араб тілінен аударған: Қ. Садыбаев