Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Пайғамбарлар парасаты | Просмотров: 4065
Печать

Әзірейілді таңғалдырғанХақ Тағала әу бастан әрбір пендесінің қай уақытта және қай жерде өлетінін жазмышқа жазып қойған. Сол себепті адамның ажалы жеткен сәтте сол жаны шығатын мекенге барып өледі. Бір елдің атақты бір актері өмір бақи ұшаққа мінуден қорқады. Жасы елуден асқан шақта бір күні амалсыз шақырылған жерге жедел бару үшін ұшаққа мінеді. Ұшақ қозғала бастағанда әлгі әртіс кенеттен көз жұмып, жантәсілім етеді... 

Осыған ұқсас бір оқиға хазіреті Сүлеймен заманында да болады. Бір күні бір адам хазіреті Сүлеймен патшаға жүгіріп келеді. Жүзі қуарып, бүкіл денесі дірілдеп қатты қорқып тұрды. Бұны көрген Сүлеймен пайғамбар: «Саған не болды, өңің қуарып кетіпті ғой?»,- деп сұрайды.

Әлгі адам үрейден әлі арыла алмаған кейіпте қалтырап: «Әзірейілді көрдім. Маған бір түрлі суық қарады. Оның сол түрін көріп қатты қорықтым. Сізден көмек сұрағалы келдім», - дейді істің мән-жайын түсіндіріп. Хазіреті Сүлеймен: «Онда менен не сұрайсың? Сен үшін қолымнан не келеді?», - дегенде, әлгі адам: «Патшам! Хақ Тағала саған ұшқыр желді бағындырды. Ендеше желге бұйрық бер. Мені Үндістанға апарып тастасын. Мүмкін сол жерге кетсем Әзірейілдің қармағынан құтылармын»,- деп жалынады. Хазіреті Сүлеймен желге әмір етіп, ол адамды Үндістандағы бір аралға апарып тастайды. Ертеңіне хазіреті Сүлеймен халықты қабылдай бастаған уақытта Әзірейіл кіріп келеді. Сүлеймен пайғамбар оған: «Кеше маған бір адам келіп, сенің оған суық қарағаныңды айтты. Мұның мәнісін не?»,- дейді. Сонда Әзірейіл былай деп жауап береді: «Патша! Мен ол адамға суық кейіппен қарағаным жоқ. Оны көрген кезде қатты таңдандым. Өйткені Аллаһ Тағала маған: «Пәленше деген құлымның жанын Үндістанда ал!» деп әмір берген еді. Ал айтылған адамды осы жерде көргенде қатты таңырқадым. Ішімнен мына адамның жүз қанаты болса да аз уақытта Үндістанға жете алмас» деп ойладым. Сондықтан да оның жүзіне таңырқай қарап не істерімді білмей қалған едім. Бірақ аздан соң оның ақтық сағаты келген кезде Аллаһ Тағаланың әмірі бойынша Үндістандағы оның жанын алатын жерге бардым. Бірақ сол жерде тағы да әлгі адамның жүргенін көріп таңғалдым. Артынша ажалы жетіп, оның жанын алдым»,- дейді.
Иә, әркімнің қашан және қай жерде өлетіні о баста-ақ жазмышта жазылған. Алайда бұл пендеге беймәлім. Сондықтан жер шарының қай жерінде, қанша жасында өлетіні беймәлім адам баласының әрқашан өлімге әзірлік жасағаны абзал.

Пікірлер  

 
Нуржамал Алтайкызы 25.08.2013 20:37
Ия,шынымен де сен кашан омирге келетининди билесин,бирак кашан омирден кететининди билмейсин.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
ТОЛҒАНАЙ 17.09.2013 00:30
Я Раббым Аллам Ең соңғы сөзіміз "Ла Иллаха Иллаллах, Мухамадун Расуллилах" болуына нәсіп еткейсің.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
алланың құлы 06.10.2013 01:11
Ал адам өзіне қол жұмсауы да уақытының келгені ме?Сол Әзірейіл осы уақытыңды тосып қасыңда жүргені ме, әлде соған итермелейтін амалдар жасай ма? Сауалым өте көп, бауырымның өзіне қол жұмсап өмірден қайтқанына анаң кінәлі емес, соның аузына сол сөзді салып тұрған ғой, деп басу айтады. Жауабын қайдан табам, анамнан бас тартам ба? Білмеймін...
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Тұрсын 09.06.2016 17:37
Әке-шешең жынды болса, байлап бақ - деген сөздерде бекер айтылмаған. Ата разылығы ана разылығы-деген бар... Қанша жаман болсада Ата-Анаң туралы еш жаман ойға барма. Сен қазір Ата-анаңа не істейсін, ертең алдыңнан сол істегендерің шығады.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Тауариша 02.05.2014 15:45
Алланың құлы, анаңнан бас тартпа, "Жұмақ- ананың табанының астында". Ненің ақ я қара екенін Аллаһ қана біледі. Сен анаңды жазалай алмайсың, оның жазалаушысы Аллаһ. Сен жұмақтық болудың жолына бас қатыр да, анаңның разылығын алуға әрекет ет.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Таншолпан 27.10.2015 15:04
Кудыретти кушти Алла тагаланын не истейтини тек озине гана малим. Алла баримизге жаксы олим бергей. Шын айтады сен анандыда баскалардыда жазалай алмайсыз бауырым жазалаушы тек Алла гана.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Тұрсын 09.06.2016 17:26
Ассаламу алейкум! Қасиетті Рамазан айында ниеттер мен тілектер, ғибадаттар мен құлшылықтар, істеген амалдар, оқыған намаздар, тұтқан оразаларымыз қабыл болсын!
Ар пенденің маңдайында жазылады екен қай кезде арғы өмірге кететіні.
Бір пенденің ойында бір сұрақ мазалайды. "Адамның тағдырын өзгертуге болады ма ?"-деген. Бір үлкен ғұлама-кісіге келіп сұрапты. Сонда ғұлама оған былай деп жауап беріпті: "Адамның тағдырын тек дұғамен өзгертуге болады"-деп жауап беріпті. Сонда әлгі пенде ғұламадан: "Қалай өзгертуге болады ?"-деп сұрапты.
Сонда ғұлама былай деп жауап беріпті:
Бір күні бір бай болыпты. Ол байдан ұрпақ болмапты. Ол құдайға жалбарынып, жалынып, ұрпақ тілепті. Түнде ұйықтап жатса, түсіне аян беріп, періште келіп: "Әй пенде, сенің тілегіңді Алла қабыл етті. Саған ұл береді, бірақ 30 күндік өмірмен.30 күннен соң қайттан жанын алады"-депті.
Сонда жаңағы Бай 30 күн бойы, құдайдың құтты күні той жасап, ас беріпті.
30 күннен соң түнде ұйқтап жатқан балаға қайта-қайта қарап қояды екен. 3 күн бойы бала тірі жүр, Алла жанын алмапты. СОнда әлгі Бай, таң қалып, не болды екен?-деп ойланып, түнде ұйықтап жатса, түсіне періште аян беріп келіп, былай депты: "Ей пенде, сен 30 күн бойы той жасап, ас бердін. Сол кезде адамдар дұға қылғында, 1000 адамның ішінен, бір адам: "О, Тәңірім! Осы баланың өмірі ұзақ болсын"-деп тілепті. Сол пенденің тілегін Алла қабыл етті - деген екен. (Қазақтарда "30 күн ойын, 40 күн тойын"- деген сөз осыдан қалған шығар....) Бұл әнгімені түйіндей келсек, ДҰҒАменен тағдырды өзгертуге болады деген түсінік калыптасады екен.........
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Тұрсын 09.06.2016 17:32
Сол үшін дұға жасай беру керек... Тілей беру керек....
Алладан қолыңды жайып, шын тілесең, Алла қолыңды бос қайтаруға ұялады деген хадистерде бекер келмеген....
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге қосылыңыз

Бізді твиттерде оқыңыз!

Соңғы пікірлер

  • Истихара намазы

    Индира
    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН ИМАНДЫЛЫК БАЙЛЫГЫН БЕРСЫН АЛЛАМ
     
  • Үш үгіт

    Самигулла
    Өнегелі сөз екен! Халқымызда да бар мақал, өткен ...
     
  • Ана өсиеті

    Нұрболат
    Алла разы болсын!Дәл осындай ақыл айтатын аналарымыз ...
     
  • Адал ас

    Бақытжан
    ТАҢСҰЛУ 13.05.2016 12:55 Алла разы болсын! Мен ...

Статистика

2697436
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
270
382
1040
8815
16108
2697436