Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 2843
Печать

700-jyldyk-altyn-nasihatТөмендегі жазу – атақты Ислам ғалымы Шейх әдәб Алидың насихаты. Бұл насихаттың жазылғанына арада аттай 700 жыл өтсе де, әлі күнге ескірмегендігі, құнын жоймағандығы, одан бергі заман ағымына қарамастан өміршең қалпын сақтауы, шындығында да, таңғаларлық жайт.

«Балам, таң қылаң бере бастағанда туылып, кешкі азан оқылғанда өлетін адамдар болады. Өзіңді баса біл!

Бойыңдағы күштілікті, ақылдылықты, ауыздағы сөзіңді қашан, қай жерде, қалай қолдану керектігін білгейсің. Әйтпесе, бір күні жел соққандағы қауқарсыз жапырақ кейпіне түсерің анық. Ашуың мен нәпсің бір жақ боп ақылыңды жеңіп кетпесін. Ылғи да сабырлы, тұрақты бол, өз ерік-жігеріңді өз қолыңда ұста. Сенің көзіңе басылғандай әлем соншалықты үлкен емес. Әлі де жасырын, әлі де жұмбақ дүниелер сенің парасаттылығың арқылы ашылатыны даусыз.

Ата-анаңды құрметте! Берекет үлкендермен бірге жүреді. Бұл дүниеде наным-сеніміңнен қол үзіп қалар болсаң, жап-жасыл күйіңде қурап, шөлге айналасың. Ақжарқын бол, ашық айт. Әр сөзді көңіліңе ала берме. Көп білемдікке салынба, әр көргеніңді айта берме.

Өзіңді жақсы көретін жерге көп барма, өзіңе деген сый-құрметтен айырыларсың. Үш кісіге жаның ашысын:

1. Надандар арасындағы ғалымға;

2. Байлығынан қол үзген кедейге;

3. Құрметке ие болып жүріп абыройынан айырылған адамға.

Жоғарыдағы орынға ие болғандардың жердегілер секілді алаңсыз отыра алмайтындығын ұмытпа! Ақ екенің рас болса, күресуден қорықпа!».

Пікірлер  

 
Фатима 20.02.2014 07:11
Аллах ұлы керемет жазылған. Сіздердің сайттарыңыз өте ұнайды көп ақылды сөздер бар Аллахым бұйрытса бала тусам ертек сияқты куніге оқитынем.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Тауариша 06.05.2014 17:14
Машаллаһ!!! Мынау өсиет балаға емес жүздің бел ортасына таяған мен үшін де құны шексіз болмақ, балаға үйрету барысында үй тапсырмасын қайталаған оқушы секілді өз білімімізді пысықтап, кем-кетігін түгендеп, діни деңгейімізді мысқалдап көтереміз. Айтуға жеңіл болған мен салмағын Аллаһ қана білетін сауапты істеріңізбен бізге де сауап сыйлаған сіздерге, Аллаһ разы болып, біздің иманымызды кемелдендіре берсін! Аллаһу әкбар!!! Әр-Рахим, Әр-Рахман!!!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Төрехан 14.04.2016 11:01
Адамды ақылға, мейірімге және ізгілікке шақыратыны хак инша Аллаһ. Ойландыратындай ғибратнмалар, жүрекке иман шуағын қондырады.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Олжас! 06.06.2016 17:31
Арине Исламда жазылган: Иман мен бiлiм бiр кустын екi канаты сиякты деидi. Бiреуi болмаса бiр канатпен уша алмаид. Естеринизде болсын: Иман бiлiм аркылы келедi, aл бiлiм иман аркылы келедi!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге қосылыңыз

Бізді твиттерде оқыңыз!

Соңғы пікірлер

  • Истихара намазы

    Индира
    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН ИМАНДЫЛЫК БАЙЛЫГЫН БЕРСЫН АЛЛАМ
     
  • Үш үгіт

    Самигулла
    Өнегелі сөз екен! Халқымызда да бар мақал, өткен ...
     
  • Ана өсиеті

    Нұрболат
    Алла разы болсын!Дәл осындай ақыл айтатын аналарымыз ...
     
  • Адал ас

    Бақытжан
    ТАҢСҰЛУ 13.05.2016 12:55 Алла разы болсын! Мен ...

Статистика

2697436
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
270
382
1040
8815
16108
2697436