Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 2767
Печать

peshenege-jazylgandy-koremizbe-aldeАдам әрбір әрекетін өз таңдау еркіндігі арқылы істеген істерін тағдырдың зорлығымен емес, біліп, өз еркімен істейді...

Бір кісі ұстазға былай дейді:

– Ұстаз, менің пешенеме намаз оқуды жазбапты. Сонда ұстаз дәрет алатын жерді көрсетіп былай дейді:

– Жеңіңді түріп мына сумен дәрет ал. Сосын мына жерге екі рәкат намаз оқы. Сонда сенің пешенеңе намаз оқу жазылатын болады.

Иә, жұма күні азан шақырылғанда, мешітке қарай асыққандар мен дәл сол уақытта мейманханаға баратындар, өз қалауларымен істейді. «Пешенеге жазған екен, көреміз де» деп айтқандарды шапалақпен тартып жіберсең немесе киімін ұрлап кетсе, «Не істейін, менің пешенеме шапалақ жеу, киімнен айырылу жазылған екен, ал оның пешенесіне шапалақпен ұру, тартып алу жазылған екен», - деп айтпайтындары, бұл сенімдерінің қате екендігін көрсетіп тұр. Тек қана құлшылық жасаудан қашып, күнәнің батпағына белшеден бату үшін осылай айтады.

Мұндай бетсіздердің «пешенеде» деп айтулары, шектен шығу екендігі айқын. Алла тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Расында, оған тура жол көрсеттік. Мейлі шүкірлік қылсын, мейлі қарсы келсін» (Инсан, 3 аят).

«Алла жұмаққа шақырып жатыр» (Бақара, 2/221). Иә, тозаққа шақыруға болмайды. Өйткені, адамдар тозақ үшін жаратылмаған. Бірақ ол жақка да баратындар болады. Мәселен, мемлекет, мектептерді адамдар өсіп-өнсін деп ашады. Алайда ол жерден бір сыныптан екінші сыныпқа өте алмай қалатындар мен сотқарлар да шығады емес пе?!

Пікірлер  

 
Қаиыркүл 12.12.2018 18:48
Шынымен де, "пешенеге жазылған" деу айту үшін ғана, ал Алланың бізге берген сыйы "Ерік" қайда?
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге қосылыңыз

Бізді твиттерде оқыңыз!

Соңғы пікірлер

  • Истихара намазы

    Индира
    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН ИМАНДЫЛЫК БАЙЛЫГЫН БЕРСЫН АЛЛАМ
     
  • Үш үгіт

    Самигулла
    Өнегелі сөз екен! Халқымызда да бар мақал, өткен ...
     
  • Ана өсиеті

    Нұрболат
    Алла разы болсын!Дәл осындай ақыл айтатын аналарымыз ...
     
  • Адал ас

    Бақытжан
    ТАҢСҰЛУ 13.05.2016 12:55 Алла разы болсын! Мен ...

Статистика

2697436
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
270
382
1040
8815
16108
2697436