Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 3089
Печать

akyldy-erinshekБір орманда екі адам ағаш шабады екен. Бірінші адам таңертең ерте ұйқысынан оянып, бір ағаш шапса, дереу екіншісіне өтіп тыным таппайды. Таңнан қара кешке дейін дәл осылай еңбектеніп, тынығу дегенді білмейді. Тіпті түскі тамақты да ұмытып кететін болыпты. Кешкісін әлгі досынан бірнеше сағат кейін үйіне қайтады екен. Екінші адам болса, ағаш шауып түсірген сайын біраз отырып тынығып, қас қарая бастағанда, үйіне қайтып кететін болыпты.

Бір апта бойы осылай еңбектенгеннен кейін, бір апталық ағаштарын санайық депті. Нәтижесінде, екінші адамның шапқан ағаштары көбірек екендігі мәлім болыпты.

Бірінші адам ызаға булығып, қасындағы адамнан мұның сырын сұрайды. Екінші адам азғана езу тартып былай деп жауап қатады:

– Мұның анау айтқандай сыры жоқ. Сен тынбай еңбектенесің. Ал мен кей-кейде тынығып отырып, балтамды қайрап алам. Өткір балтамен жұмыс істеу жұмысты жеңілдетеді әрі шаршамайсың.

Ғибратнама: Өз-өзіңді жетілдіру, балтаны қайрағанға ұқсайды. Өз-өзімізге уақыт бөліп, істің көзін табуымыз керек. Кемшіліктеріміз болса толықтырып жетілдіре түсуіміз қажет. Бұл рухани жан-дүниеміз бен ой-өрісіміздің кеңеюіне көп септігін тигізеді.

Пікірлер  

 
Али 16.07.2014 13:11
бул жерде менинше ешкандаи сикыр жок екинши адам бириншисинин агашын урлаган
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Азамат 22.03.2016 12:30
түсінген адамга терең ой калдырады дурыс әрдайым өз өзіңді бакылап есеп беріп отыру керек дінде есепке алмай турғанда өзіңді есепке ал дейді
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

  • Истихара намазы

    Жанар
    Алла разы болсын! Аллам әрбір ісімізді бізге қайырлы ...
     
  • Истихара намазы

    Индира
    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН ИМАНДЫЛЫК БАЙЛЫГЫН БЕРСЫН АЛЛАМ
     
  • Үш үгіт

    Самигулла
    Өнегелі сөз екен! Халқымызда да бар мақал, өткен ...
     
  • Ана өсиеті

    Нұрболат
    Алла разы болсын!Дәл осындай ақыл айтатын аналарымыз ...

Статистика

2825416
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
145
591
1965
3889
11174
2825416