Turn Desktop View Off
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 8165
Печать

otyz-jyldyk-taubeБір ақсақал ғұлама шәкірттерімен әңгіме барысында: “30 жыл бұрын “Әлхамдүлиллаһ” дегенім үшін 30 жыл бойы тәуба сұрап келемін” дейді. Шәкірттері таң қалып, мұның мәнін сұрағанда, әлгі ақсақал былай деп түсіндіреді: “Сауда орнында үлкен өрт шығып, көптеген саудагерлердің дүкендері өрттеніп, иелері үлкен шығынға ұшырайды. Өрт туралы маған хабар жеткенде мен “Сенің дүкеніне ештеңе болмапты” деген сүйінші хабарға абайсыздан “Әлхамдүлиллаһ” дей қалдым.

Кейін осы әрекетіме қатты өкіндім – мұсылман бауырларымның мал-мүлкі жанып кеткен кезде, өзімдікі аман қалды деп шүкір еткенім шынайы мұсылмандыққа жараспады деп қатты қобалжыдым, еңіреп тәуба еттім. Кейін өрттен зиян көрген мұсылман бауырларыма ортақтас болайын мақсатымен, дүкенімдегі барлық заттарды кедейлерге таратып берсем де, сол күннен бері 30 жыл бойын тәуба етсем де, әлі де жаным тыныштық таппады. Мен өлген кезде, ешкім білмейтін – адам жүрмейтін бір жерге апарып жерлеулеріңді сұраймын. топырақ мені қабылдамай, достарымның алдында ұят болмасын - дейді.

Пікірлер  

 
Асел 30.06.2014 16:15
АЛЛАның мейірімі шексіз, АЛЛА тәубесін қабыл етсін.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Сержан 05.03.2015 09:38
Әссәләмұғалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһу құрметті мұсылман қауым, осы адам сияқты баршамызда үнемі тәубеде болайық инша-Аллаһ. Аллаһ-Тағала: "Тәубе қылушыларды және таза болушыларды жақсы көреді". деген. Құранда: Бақара сүресінде.Баршаларым ызды инша-аллаһ тәубе қылушылардан етсін. Әмин.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Шырын 11.04.2015 13:18
Қандай тамашы жазылған мақала. Жан дүниеме әсер етті. Мұсылман адам өзімшіл болмауы керек екенін ұғындырып тұр. Өзіме болған нәрсе басқаға да болсын деген екен.Қандай иман. Ойланып қалдым. Тәлім-тәрбиесі мен өнегесі мол, оқулыққа кіргізетін әңгіме екен. Алла бізді тура жолынан тайдырмасын.Осы әңгімені жазған адамға Алла разы болсын.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Нурай 30.01.2016 18:45
Керемет жазылған. Ғибратты әңгімелер жан дүниеге әсер етеді
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге қосылыңыз

Бізді твиттерде оқыңыз!

Соңғы пікірлер

  • Үш үгіт

    Самигулла
    Өнегелі сөз екен! Халқымызда да бар мақал, өткен ...
     
  • Ана өсиеті

    Нұрболат
    Алла разы болсын!Дәл осындай ақыл айтатын аналарымыз ...
     
  • Адал ас

    Бақытжан
    ТАҢСҰЛУ 13.05.2016 12:55 Алла разы болсын! Мен ...
     
  • Әр адам өз тегіне тартады

    Упи
    Расында да жақсы жазылған Көп рақмет

Статистика

2683462
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
111
358
111
10949
16865
2683462