Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 3487
Печать

«Нашар» көршiБiр жiгiт әке-шешесiнiң бай болуының арқасында тұрмыстан ешбiр таршылық көрмей, өте жалқау, ысырапшыл, шаруаға қырсыз боп өсiптi. Жылдар өте келе әке-шешесi қайтыс болыпты. Жiгiтке үй мен дүкен мұраға қалыпты. Ойсыз, қамсыз жiгiттiң ойын-сауығы көп едi, оған ақша деген ешқашан бiтпестей көрiнетiн. Сөйтiп жүргенде үйi де, дүкенi де тоза бастады. Ол кезде үйiнiң жанында Хасан мырза есiмдi көршiсi болатын, ол соғыста жанып бара жатқан балалы әйелдi өрттен құтқарғаны үшiн құрмет белгiсiн алған едi. Жас жiгiттiң жеңiлтек өмiрiн көрген Хасан мырза онымен амандаспайтын болды.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Сахабалар сабағы | Просмотров: 3493
Печать

Ана мейiрiмiАлқама есiмдi сахаба жiгiт өлiм аузында жатып «Алладан басқа Тәңiр жоқ» (Лә иллаһа илла Аллаһ) деп кәлима келтiруге тiлi келмей, қиналып жатады. Мұны көрген Пайғамбар (с.ғ.с.) сахабалардан:

- Бұл жiгiт бiреудi ренжiтiп пе едi? - деп сұрайды.

- Иә, бұл жiгiт анасын қатты ренжiтушi едi,- деседi олар.

- Онда барып анасын алып келiңдер, - дейдi Аллаһ елшiсi.

Анасы келедi. Оған Пайғамбар (с.ғ.с.):

- Балаңызға кешiрiм етiңiз, өлiм аузында жатыр, - дейдi.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 3092
Печать

Масыл балаБiр данышпан Қағбаны тәуап етiп жатып, қарт кiсiнi арқалаған адамды көрiптi. Әлгi адам желкесiндегi қарияға:

- Жас кезiмдегiң аздық еткендей, қартайған шағымда да басыма дерт болдың, - деп қайта-қайта айтып, ренжитiн көрiнедi. Мұны естiген данышпан қатты таңданыпты:

- Ей, досым! Әкеңе жақсылық жасап жатқаның дұрыс-ау, бiрақ мiндет етуiңмен сауабыңды жойып жатқаның қалай? Ол сенiң әкең емес пе? Кезiнде ол да саған жақсылық жасады емес пе? - дептi.

Сонда әлгi кiсi мұңайып:

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Пайғамбарлар парасаты | Просмотров: 4144
Печать

Жақсы жар - дiннiң жартысыИбраһим пайғамбардың ұлы Ысмайыл алыста жүрiп үйленiптi. Әкесi мұны естiп, ұлын iздеп келiптi. Келсе, үйде ұлы жоқ, келiнi атасын есiк алдынан қарсы алады. Келiншек үйiне келiп тұрған өзiнiң қайын атасы екенiн, әрине, бiлмейдi. Ыстық күнде жолдан шаршап, шөлдеп келiп отырған қарияға үйге кiрiңiз, сусын iшiңiз деген сынды iзет бiлдiрмейдi. Пайғамбар одан тұрмыс жағдайын сұрайды. Сол кезде келiншек тұрмыстың ауыр екенiн, күйеуiнiң көл-көсiр дүние таппайтынын «жыр» қып айтады. Жағдайдың баршасын ұққан қария аттанарда:

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Сахабалар сабағы | Просмотров: 3528
Печать

Жәннатқа лайық болған әкеБаяғыда бiр мұсылман отбасында күйеуi алыс сапарға аттанып, әйелi үйде қалады. Бiр күнi оның төркiнiнен:

- Тез келiп жет, әкең ауырып қалды, - деген хабар жетедi. Келiншек:

-Мен ерiмнiң рұксатынсыз бара алмаймын, Аллаһтың қаһарына ұшырап, перiштелердiң қарғысына қалғым келмейдi, - деп хабаршыны қайтарып жiбередi. Арада аз уақыт өткен соң:

- Әкең хал үстiнде, сенi көргiсi келiп жатыр, - деп жанұшыра жеткен хабаршыға тағы бара алмайтынын айтады.

Подробнее...
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3303747
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
358
368
1132
1598
17911
3303747