Усама ибн Зейд Алланың елшісіне (с.а.с.) келіп, сәндік бұйымдар ұрлаған Әсуад ибн Абдуласадтың қызы Фатимаға аяушылық жасап, ұрлық жасаған адамдарға берілетін жазадан құтқаруын өтінеді. Сонда Алланың елшісі (с.а.с.): “Алла белгілеген жазадан жеңіл жаза іздеп тұрмысың, әй, Усама?! Алла атымен ант етейін, егер Мұхаммедтіц қызы Фатима ұрлық жасаса, Мұхаммед оның да қолын кескен болар еді. Расында, сіздерден бурынғы өмір сүрген қауымның түбіне жеткен нәрсе де осы болатын. Егер олардың құрметті адамы ұрлық жасаса тиіспейтін еді де, егер әлсіздері ұрлық жасаса, оған жаза беруші еді”, - дейді.
Араб тілінен аударған: Қ. Садыбаев
Пікірлер