Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұлы тұлғалар өмірі | Просмотров: 3100
Печать

adam-takualygymen-bagalanadyАбдулла ибн Мүбәрак былай әңгімелейді: “Меккеде болған уақытымда құрғақшылық көп уақытқа созылды. Халықтың үлкен-кішісі қалмай жаппай истисқа (Алла Тағаладан жаңбыр сұрап, намаз оқу) намазын оқуға шықты өйткені бұл жағдай жалғаса берсе меккеліктердің егіні мен малына үлкен зардабы тиері анық еді.
Мен Шәйба әулетінің есігі алдында тұрған болатынмын. Сол уақытта бір қара құл шыға келді. Иығына асқан екі қапшығы бар. Оларды жерге қойып, өзі кісі көзінен таса жерге жайғасты. Мен оған жақындадым, бірақ ол мені байқамады.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұлы тұлғалар өмірі | Просмотров: 2663
Печать

patsha-bolsan-adil-bolОмар ибн Абдулазиз ізгі халифалардың бесіншісіне жатады. Ол әділдігімен, тақуалығымен танылды. Оның халифалығы тұсында әділдігі соншалық, қасқыр мен қой бірге жүре беруші еді. Сол заманда бір мұсылман кісі жайылып жатқан қойлардың тұсынан өтіп бара жатып қойлардың қасында жайбарақат жүрген қасқырды көріп, қойшыдан оның мәнін сұрайды. Сонда қойшы: “Әй, бауырым, көріп тұрған бұл кереметің—халифаның әділдігінің дәлелі," - дейді.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұлы тұлғалар өмірі | Просмотров: 2787
Печать

Alla-jolynda-mal-jumsaudyn-abzaldygyБұл әңгіме мұсылмандар халифасы Осман ибн Аффан жайында, Оны мұсылмандар “Зун-нурайн”, яғни “Екі нұр иесі” деп атайтын. Енді оның Жаратушы Раббысының разылығын алып, оның жолында мал жұмсауы жайында әңгіме етейік.
Бір уақыт мұсылмандар ішерге су таппай қиыншылық көрді. Ал, суы тәтті қүдықты бір яһуди иемденіп, оның суын мұсылмандарға жоғары бағаға сататын. Сол кезде Осман ибн Аффан құдықтың жартысын өз ақшасына сатып алады да, ол құдықты бір күн құдық иесі пайдаланса, келесі күні Осман ибн Аффан пайдаланып, мұсылмандарға жағдай туғызады. Сөйтіп, өзіне тиесілі суды пайдалану күнін оларға тегін етіп, олар келесі күнге жетерлік етіп су жинап алады.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұлы тұлғалар өмірі | Просмотров: 2805
Печать

Имам Ағзамның ақылы мен ғылымыБір атеист (Құдайға сенбейтін адам) христиан елінен Ислам өлкесіне келеді. Барған жерінде пікір-сайыстарда алдына шыққандардың барлығын жеңіп жүреді. Басра қаласына келіп, маған жауап бере алатын бірде бір ғалым таба алмадым дейді. Хазіреті Хаммад: «Сен алдымен біздің балалармен таласып көр» деп алдына ол кезде әлі жас болған Нуман бин Сабитті (Имам Ағзам) шығарады.

Атеист ашуланып мінберге шығады да: «Ғалымдарың қайда? Маған соларды шақырыңдар!» дейді. Жас Нуман бин Сабит: «Не болды? Менен қорықтыңыз ба?» дегенде, шыдай алмай бірінші сұрағын қояды:

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұлы тұлғалар өмірі | Просмотров: 3393
Печать

Тура биде-туған жоқЕртеде бір ауылда екі әйел өмір сүріпті. Бірінші әйелдін баласы қатты науқастанып дүниеден озады. Сол кезде екінші әйелдін баласын ұрлап алып кетіп, "мынау менің балам"деп баланың нағыз әйеліне өтірік сылтау айтып, көндіре бастайды. Енді не істерін білмеген әйел Төле биге барады. Сол кезде екеуіде өз шындықтарын айтады. Хан күзетшісіне балта алып кел деп бұйрық береді. Балта әкелген соң "баланы екеуіне тең болатындай етіп қақ бөлуге" бұйрық береді. Баланың нағыз анасы баласы үшін шырылдап, жаны шығып кетеді. Анасының негізгі ойы не болғанда да "бала өлмесін, қайда жүрсе аман жүрсін әйтеуір көз алдымда жүрсе болды ғой" деп Төле биге айтады. Нағыз анасының кім екенін біліп, баланы нағыз анасына береді. Ал баланы ұрлаған әйелге қатал жаза қолданады.

 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3303811
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
422
368
1196
1662
17911
3303811