Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұлы тұлғалар өмірі | Просмотров: 3602
Печать

uirenem-degenge-japyrakta-ustazХасан Басри кез келген жайттан бір нәрсе үйренуге болатынын былай айтып береді: «Біреудің мінін қазбауды қызтекеден үйрендім. Бір күні бір қызтекені көріп, жирене қарап едім, әлгі:

- Молдеке, менен жиреніп қайтесіз. Кімнің нақ қызтеке екенін ақыретте білінер, - деп жер қылды.

Ғылым тілімен жұмбақтап сөйлеп, құрғақ уағыз айтудың ерсі екенін шырақ көтерген бір жас баладан үйрендім. Үш ай бойы уағыз айтатын адам таба алмай келе жатқанымда жолыққан сол баладан:

- Мына шырақтың оты қайдан пайда болды, - деп уағыз бастай беріп ем, әлгі бала оны үрлеп өшірді де, - әуелі отты қайда кеткенін түсіндіріп беріңізші, - деп састырды.

Кеуде кермеуді кәдімгі маскүнемнен үйрендім. Бір күні шалшықта жатқан масты көріп:

- Ей, бейшара батып кетпе! - деп жанымды ашытқансып өте беріп ем, әлгі маскүнем:

- Уа, Хасан Басри! Мен батпаққа батып кетсем, адамзаттың саны бір маскүнемге азаяр. Діннің басында тұрған сіз батып кетсеңіз, соңыңызда тұрған миллион мүмин не болмақ, - деп аузымды аштырды.

Ал ғашық болуды бетіме телміріп қарап қалған бір әйелден үйрендім.

- Ей, қарындасым, Құдайдың парызын ұмытып, жүзіңді ашық қалдырғаның не? - деп айыптай бастап едім, әлгі әйел:

Мен құдайдың құлына деген махаббаттан пәранжамның ашық қалғанын байқамадым. Құдайдың өзіне ғашық сіз қайтіп оны байқадыңыз? - деп қарсы сұрақ қойды.

Пікірлер  

 
Айгерім 22.02.2014 13:28
Өте керемет
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Айгерім 22.02.2014 13:29
Діни әңгімелерді оқып,тыңдаған сайын жаным тынышталады
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Асел 01.07.2014 14:11
Алла нәсіп етсе амал етуге тырысамын. Сіздерден АЛЛА разы болсын, осындай әңгімелерді жеткізген.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3303929
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
540
368
1314
1780
17911
3303929