Әссәләму аләйкум бауырлар! Сайтымыздың ашылғанына көп уақыт бола қойған жоқ бірақ жеке почтамызға өздерінің алғыстарын, тілектерін білдірген көптеген хаттар келіп жатыр. Сондықтан осылай жеке тілек, өтініш, ұсыныс жазатын бөлімді ашуды жөн көрдік және иншаАлла сіздерге өтініш әр қашан дұғада болыңыздар біз үшін басқа бауырлар үшін дұға жасап жүріңіздерші ИншаАлла! Алла Тағала Бақара сүресінің 186 аятында айтады ғой (Мұхаммед Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді». Осылай Раббымыздың өзі Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін деп тұрғанда тек жақсылықтар ойлап, дінімізді, тілімізді, дәстүрімізді, қарттарымызды құрметтеп бір-бірімізге дұғада болайық. Пайдалы істермен айналысып артымыздан иманды, тәрбиелі, білімді ұрпақ қалдырайық!