Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ғибратнама | Просмотров: 10188
Печать

Әссәләму аләйкум бауырлар! Сайтымыздың ашылғанына көп уақыт бола қойған жоқ бірақ жеке почтамызға өздерінің алғыстарын, тілектерін білдірген көптеген хаттар келіп жатыр. Сондықтан осылай жеке тілек, өтініш, ұсыныс жазатын бөлімді ашуды жөн көрдік және иншаАлла сіздерге өтініш әр қашан дұғада болыңыздар біз үшін басқа бауырлар үшін дұға жасап жүріңіздерші ИншаАлла! Алла Тағала Бақара сүресінің 186 аятында айтады ғой (Мұхаммед Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді». Осылай Раббымыздың өзі Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін деп тұрғанда тек жақсылықтар ойлап, дінімізді, тілімізді, дәстүрімізді, қарттарымызды құрметтеп бір-бірімізге дұғада болайық. Пайдалы істермен айналысып артымыздан иманды, тәрбиелі, білімді ұрпақ қалдырайық!

Пікірлер  

 
Мира 14.01.2014 16:46
Сәлеметсіздер ме, халқым менің! "...Қымбаттырақ алтыннан нарқың сенің" деп ақын жырлағандай, менің қазақ елім! Сізердің нарқыңызды бағалауға тіл де, сан да жетпес! Сіздердің жақсы болғандарыңыз, менің ақ арман, тілегім! Соған қарлығаштың қанатындай көмек жасасам, арманым жоқ. Менің халқым, өз отбасымнан бастап, еліміздегі кішкене шарана жас сәбиден, еңкейген қарттарыма игілік тілеу. Осы сайтты алғаш көргеннен көзіме жылы ұшырады. Бір жүрегі таза, онда нұр бар, сол нұрды таратуға асыққан адамның қолтаңбасы жатты. Тәрбие діңгегінің түп тамыры тек діні мығым ұрпақта жатыр. Сол ұрпаққа өз берері мол болған осы сайтқа Алланың Нұры жаусын. Сайт иесі, қаршадай жас бала, Нұржан баурыма есепсіз сауабын беріп, Алла жәннаттың төрінен орын, есепсіз байлығын сүйіншілесін. Осы сайт Алла қаласа, бар ықыласты мұсылмандардың білім алар ордасы, пікірлесер орны, кездесіп Алланың сәлемін айтар ауылы болса екен. Келгенде, сіздерден тілегім, өз білген жақсылықтарыңыздан үндемей кетпей, ой бөліссеңіздер екен. Сонда сол ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлкен үлестеріңіз болар еді. Нұржан бауырым, сізге үлкен шығармашылық табыс тілеймін, Әр ісіңіз, әр басқан қадамыңыз Алланың оң көзінде болсын. Әмин!!!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
ЖақсыБАЛА 08.02.2014 13:32
Алла разы болсын сізге Мира апай! Отбасыңызға бақыт береке берсін!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Гулжайна 14.01.2014 17:00
Ассалаумағалейкум! Елімізде осындай сайттын барлығына қуаныштымын! Мұсылман қауымды білім нәрімен сусындатып жатқандарынызға көп алғыс айтамын. Аллах сіздерген разы болсын! Сіздер жазған ғибратты әңгімелерді күнде үйдегі кішкентай балаларымызға оқып айтып береміз! Қуанып үндемей күтіп отырып тыңдайды. Үлкен рахмет!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
ЖақсыБАЛА 08.02.2014 13:37
Сізге де Алланың сәлемі болсын Гулжайна! Тілегіңізге үлкен алғысымызды айтамыз. Кішкентайларыңыз иманды салихалы ұрпақ болсын. Біз сіз сияқты аналардың болғанына қуаныштымыз! Отбасыңызға Алла бақыт, береке берсін!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Арай 07.02.2014 14:37
Сәлеметсіздер ме! Сайттағы барлық материалдар өте жақсы, тәрбие жағынан, адамгершілік жағынан т.с.с. Бос уақытта қарап, оқып, үйреніп, біліп жургенге кез-келген адамға үлкен көмек тигізері анық. Нұржан бауырымызға үлкен Рахмет!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
ЖақсыБАЛА 08.02.2014 13:49
Арай жақсы тілектеріңізге Алла разы болсын! Сіздерге көмегіміз, пайдамыз тиіп жатқанына қуаныштымыз!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Жанар 08.02.2014 22:29
Ассалямуалейкум, маша Аллах мына сайт керемет екен, маған ұнады, Аллах разы болсын!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
ЖақсыБАЛА 03.03.2014 12:25
Уагалйкумассалам Жанар! Аллах сізге де разы болсын!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Амина 19.02.2014 22:40
Ассаляумуалейкум мұсылман қауым! Мен бұл сайттың ашылғанына Аллахқа шүкіршілік етемін! Аллахым бұл сайт админине разы болсын! Сайттың берері көп екен. Енді тек бір тілегім сайтта мақалалар көбейсе екен! Үнемі барлықтарыңызға Аллах жәрдемші болсын!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
ЖақсыБАЛА 03.03.2014 12:29
Уағалйкумассалам Амина! Аллах сізге де разы болсын! Алла қаласа мақалаларды көбейтеміз және енді мұсұлман отбасына керекті, исламдағы отбасы туралы ақпараттар саламыз алдағы жоспарда.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
АЙТОЛҚЫН 03.03.2014 12:30
Сәлеметсіздерме редакция ұжымы мен бұл сайтты тапқалы бери өте жиі кіремін, сіздерге Аллахтың нұры жаусын осындай сайт ашып бізді қуанышқа бөлегендеріңізге.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Тауариша 02.05.2014 16:12
Машаллаһ!!! Менің Аллаһтан сұрап алған екі ұлдан кейінгі бір тал 9 жасар қызым, Аллаһтың нығыметі бар. Мен соған шамам мен білімім жеткенше ислам туралы айтып-үйретіп жатырмын. Балаға құраннан оқыған ауырлау болғандықтан сіздің сайыттағы әңгімелерді көшіріп алып оқуға, талқылауға беремін. Кей әңгімеде жылап та алады. Осы істе сіздің алар сауабыңыздың мөшерін Аллаһ қана біледі. Сіз Аллаһтың сүйікті құлдарының алдыңғы қатынан боларыңызға сенімім мол.Қызым оқып білгенін өз ұрпағына үйретері сөзсіз, қай ана баласын тозақтық болсын дер. Иншаллаһ, исі мұсылман аналар сіздің сайыттағы пайдалы әңгімелер арқылы пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үмбетінің көбейуіне себепкер болып сауапқа кенелсін! Сіздің де сайттың да ғұмыры мен пайдасы ұзағынан болғай!!!Аллаһтың разылығына ақырзаманға дейін бөлене беріңіз!!!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
назым 15.05.2014 15:23
ассаляумуалейкум мусылман бауырларым! мен осы сайтқа жақында кірдім көнілге алып ақылға түйгендерім көп.Мен білмегендерімді білдім, мағанда қатты ұнады. Сіздерге алланың нұры жаусын. Қанша адам қанша білім алса, сол сауаптар сіздерге тисін.Алла разы болсын. Тауариша апай сізге де көп рахмет, сіздің сауалнамаңызды оқу арқылы қызыма қалай тәрбие беру керектігін тусіндім, сізге де алла разы болсын.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Арман 28.06.2014 19:37
Ассаляму уағалейкум құрметті мұсылман бауырлар, бугін ораза айынын 1 күні иманымды күшейтейін деп осы сайтқа тап болдым, бұл жерден коп нарсе біліп ақпарат алдым, рахмет сіздерге АЛЛА разы болсын.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Нұртай АЛПЫСБАЙ 04.07.2014 17:50
Ассалаумағалейкум! Елімізде осындай сайттың барлығына мен де қуаныштымын! Оқырмандарыңыз көбейіп,Қазақ елінің ең беделді сайттарының қатарында болыңыздар! Сайтты әртүрлі қырынан дамыта беріңіздер.Еңбектері ңіз елеусіз қалмай,жемісін молынан бере берсін!АЛЛА разы болсын!!!Осындай сайттар көбейе берсін!Шүкіршілік! Бәріңізге иман,ақыл,сабыр тілеймін!!! ;-)
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Таңшолпан 06.09.2014 16:16
Саламатсыздарма? Осындай сайттың ашылғанына өте қуаныштымын. Сіздерге көп көп рахмет. Алланың нұры жаусың.Еңбектеріңізд ің жемісін көріңіздер.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
али 08.06.2015 13:21
АССАЛАУМАҒАЛЕИКУМ!
Нұржан бауырым атыңа затың сай азамат екенсің Тәлім тәрбиесі бар үлкен іс қозғап жүрсің
АЛЛА разы болсын тіл көзден аман бол АЛАШТЫҢ ұл-қыздарының барлығы өзіңдей болсын
меніңде жүрегімде жүрген үлкен арманым бар сол арманым орындалсадеп АЛЛАДАН тілймін
ол арманым мектепте ҚҰРАН оқыту пәнін енгізсе сол кезде заман сөзсіз жақсы жағына
түзелер еді парақорлар жемқорлар нашақорлар зинақорлар араққұмарлар қанқұмарлар т/б
қорлармен сорлар болмас еді пәни дүниенің жұмағы сол болар еді АЛЛАХЫМ сол күнді
өзі жаратқан бүкіл тіршілік иесіне нәсіп етсін
УА АДАМДАР АЛЛАНЫҢ РИЗАШЫЛЫҒЫН АЛАЙЫҚ ҺАҺАРЫНАН САҚ БОЛАЙЫҚ!!!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Moldir 19.08.2015 20:38
Ассалаумагалейкум уа рахматуллахи уа баракату! бир отинишим бар еди. духа намазын окырдын адлдында ниет еттим Алла ризалыгы ушин 2рекагат духа намазын отемекке деп ниет етемба
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
жанат 14.09.2015 01:04
Ас саляму'алейкум уа рохматуЛлахи уа баракятух,бауырлар! Аллах істеріңізге жеңілдік беріп сауапқа жазсын ин ша Ллах! Сіздерге Аллах разы болып рахымына бөлесін деп тилекшімін!Сіздерге жас ана ретінде отініш,ұсынысым бар еді...Балаға тəрбие болатын,қызыкты,қысқ аша,ертегі сиякты ма....пайғамбарларды ң омірінен үзінді ма....сондай бір тунде жатарда оқып беретін кыска ангіме кітап шыгарсаңыздар....онд ай кітап жазып сатсаңыздарда сіздерге косымша каржы болады))...Бір жагынан ұрпағымызды тура жолға тəрбиелеуге бізгеде улкен комек болар еді....Отінішімді елеусіз калдырмаңыздаршы.... Ас саляму'алейкум уа рохматуЛлах!!!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Әсел 10.08.2016 16:25
Әссалям аалейкум уа раһматуллаһи уа баракатуһ!!! Бүгін Алланың қалауымен осы сайтқа бірінші рет кіруім, көп ғибратты әңгімелер оқыдым, жақсы сайт екен. Алла разы болсын! Жасап жатқан істеріңіз берекелі болып, екі дүниеге де пайдасын тигізе берсін! Әмин! Оқырмандарыңыз көп болғай!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
ерке 21.10.2018 16:25
Ассалаумагалейкум уа рахматуллахи уа баракату! Сiздерге Алла разы болсын! Менiн øтiнiшiм Орамал жайлы жазсаныздар! Заманымыз киындап барад бiзге кiшкентай болсын демеу болсаныздар! Ин Ша Аллаh бари жаксы болатынна сенiмдiмiн! жылататында жубататын сøз Орамалды кыздарнызга кiшкентай болсын демеу болсаныздар!!!! Алла разы болсын!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3249400
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
220
305
525
11147
15915
3249400