Менің әкем балдақпен жүреді. Әкем — балдақты адам. Мен оған еш намыстанбаймын. Бір-бірімізді жетектеп жүріп, өмір қиыншылықтарын бірге жеңіп келеміз.
Әкемнің қалай балдақ ұстауға мәжбүр болып қалғанын білмеймін. Оның айтуы бойынша, мен әжемнің қолында өсіппін. Бірінші сыныпқа барғанда, анаммен мектепке келдім. Әкем біздің қасымызда ұзақ жыл болмады. Көбіне әжемнің қолында тәрбиеленгендіктен, ата-анаммен ісім болмайтын. Өйткені мен тәрбиеленген үйде маған қажетті нәрсенің барлығы бар еді.