Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 3745
Печать

karandashtyn-kasietiБолат атасының жазу жазып отырғанын көріп:

-        Біз туралы әңгіме жазып отырсыз ба? Мен туралы да жазасыз ба? - деп сұрайды. Атасы жазуын тоқтатып, немересіне:

-        Иә, қарағым! Сен туралы жазып отырмын. Бірақ қолымдағы қарандаш не жазып жатқанымнан да маңызды. Құдай қаласа, есейгеніңде сен де осы қарандашты жақсы көретін боласың.

Болат қарандашқа қызыға қарап тұрады да, қарындаштан ерекшеленіп тұрған ештеме байқамаған соң, тағы да сұрақ қойып:

Ата, мына қарандаш басқа қарандаштарым сияқты ғой. Мұның олардан қандай айырмашылығы бар сонда? - дегенде, атасы:

Қалай қарағаныңа байланысты. Бұл қарандаштың 5 ерекшелігі бар. Егер де осы ерекшеліктерін есепке алып өмір сүрсең, бақытты бола аласың. Ол ерекшеліктер мыналар:

  1. Керемет нәрселер жасай аласың. Бірақ әр жасаған қадамыңды жүргізетін біреу барын ұмытпа.
  2. Не жазсам да, анда-санда тоқтап, қарандашты ұштауға уақыт бөлуім керек. Ұштағаным қарандаштың жанына батса да, ұштағаным оның одан әрі жақсы жұмыс істеуіне себеп болады. Сондықтан, кейбір қиындықтарға қарсы шыдамды болуды үйренуің керек, бұл сені одан әрі күшейтеді.
  3. Қарандашпен қателесіп қате бір нәрсе жазып қойған кезде оны өшіргішпен оңай өшіруіңе де болады. Істеген ісің кате болса оларды жөндеуге дайын болуың керек. Және де қате жөндеуден ешқашан ұялушы болма.
  4. Қарандаштың түріне, яғни сыртқы көрінісіне алданба, ең маңызды жағы ішіндегі өзегі. Сондақтан қашан да өзегіне қарап, ең бастысы соны қорғауды білгенің жөн.
  5. Ең соңғы ерекшелігі - артынан із қалдыруы. Тұра сол сияқты сен де өміріңдегі әр әрекетіңнің бір із тастайтынын ұмытпай, әрбір басқан қадамыңды аңдап басуға тиіссің - деп сөзін аяқтады атасы. Сіздерді біле жүріңіздер.

ummet.kz

Пікірлер  

 
Шоқан 20.09.2013 23:55
Ұлғатты ұстаздық жасағандарыңызға мың алғыс. Қадамдарыңыз сауапты болсын!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Толкын 03.10.2013 15:57
Коп рахмет... Аллахтын нуры жаусын!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Тоғжан 08.08.2020 17:51
Сіздің әңгімелеріңізді өз парақшама салсам болады ма?
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Алихан 02.12.2020 17:35
https://www.zharar.com/tilek/
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3249448
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
268
305
573
11195
15915
3249448