Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Нәпіл намаздар | Просмотров: 18191
Печать

Мешітке сәлем намазыОқылатын уақыты: Мешітке кіруші кісі кірген бойда отырмастан бұрын мешіт Иесіне сәлем ретінде екі рәкағат намаз оқу керек. Мұны қазақша мешіт ақысы деп те атайды.

Рәкағат саны: екі рәкағат. Оған мына хадис дәлел. Расулалла (с.а.с.) былай деген: «Сендердің біреулерің мешітке кірсе отырмастан бұрын екі рәкағат намаз оқысын» (Барлық хадисшілер риуаят еткен хадис). Әбу Ханифа мазһабы бойынша намаз оқу мәкруһ уақыттар мен жамағат парыз намазын бастап кеткен кезден басқа уақыттарда оқылады.

Сәлем намазын бір мешітте бір күнде бір рет оқыса жеткілікті. Бұл намазды оқу отырып қойған кісінің мойнынан түспейді. Ибн Хиббан мынадай хадис риуаят еткен. Расулалла (с.а.с.) Әбу Зарға (р.а.): «Уа, Әбу Зар! Мешітке берілетін сәлем бар. Ол сәлем екі рәкағат намаз. Тұр да оқы», — деген.

Сәлем намазы оқылмайтын бір ғана мешіт бар. Ол — Меккедегі Қасиетті Харам мешіті. Ол мешіттің сәлемі — ондағы Қағбаны тауап ету. Кімде-кім бір мешітке кіріп, бір жағдайлармен мешіт ақысын оқи алмаса «Субханаллаһ, уәлхамдулилләһ, уа лә ИЛӘҺӘ иллаллаһ, уаллаһу әкбар» деген дұғаны айтуы керек.

 

Пікірлер  

 
Таңшолпан 31.07.2013 16:36
МашаАлла,осылай діни сайттар көбейсе,яғни Ислам дінін насихаттау жайлы,нұр үстіне нұр болар еді ИншаАлла!!!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
АЗАМАТ 30.08.2013 02:13
ӨТЕ КЕРЕМЕТ СӨЗДЕР
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Медет 16.09.2013 03:47
Аллахка Мактау болсын оте дурыс айт Айтылган
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
jasulan 05.12.2013 11:22
Алла риза болсын мен үшін керекті мағлұмат. Алла барша мұсылман бауырларымызға қидаят берсін.Амин
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Гульназ 04.01.2014 16:43
Ассаламағлейкум уа Рахматуллах уа баракатуху!Алла разы болсын!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Назерке 21.04.2014 22:40
Алламның нұры жаусын барша пендеге! Осындай діни сайттарда коптеген окылатын діни әңгімелер болса деймін және кітаптарды жүктеп ала алсақ қандай керемет болар еді. Осы өтінішімді айтқым келіп отыр. Мен осы сайттара кейде кіріп өзіме керегін жүктеп алып отырам...СІздерге көп көп рахмет! Осы дүниеде ниеті түзу адамдар көбейіп, тек қана жақсылық болсын.Алла разы болсын. Әрбір пенденің тілгі орындалсын Алланың қалауымен! Періштелер жебесін!!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Ақансері 08.01.2016 12:51
Ассалаумағалайкум уа рахматуллахи уа баракатух құрметті Алланың құлдары! Менің қоятын сұрағым егер де мешітке келген кезде уағыз немесе Кұран оқылып жатса , мешітке салем намазын оқимыз ба? Рахмет.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Жанали 18.04.2016 11:10
Ассалаумағалайкум менім сүрағым бар еді. Мешит сəлемін таң намазының уақыты кіргенен кейн оқуға болмайды дейді ,соны түсінтіріп берсеңіз
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3249448
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
268
305
573
11195
15915
3249448