Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұлы тұлғалар өмірі | Просмотров: 3797
Печать

jas-kuninde-densaulygyndy-saktaТіс ауруынан зардап шеккен бір жас жігіт имам Шафиғиға келіп шағымданады. Имам Шафиғидың жасы үлкен болсада тісі ауырып көрмеген, бүтін, сап-сау болатын. Сондықтан бұл жігіт имамнан тістерін осы уақытқа дейін қалай сақтап келгенінің, бүтіндігінің сырын сұрайды. Сонда имам: “Әй, балам, бұл бізге Алла Тағаланың берген аманаты, ол аманатты сақтағандығымнан Алла маған сақтады. Жас күнімде денсаулығымды сақтағандықтан, жасым келгенде Алла да оны маған сақтады,” - деп жауап береді.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Пайғамбарлар парасаты | Просмотров: 3991
Печать

Alla-aldynda-barlyk-adam-birdeiУсама ибн Зейд Алланың елшісіне (с.а.с.) келіп, сәндік бұйымдар ұрлаған Әсуад ибн Абдуласадтың қызы Фатимаға аяушылық жасап, ұрлық жасаған адамдарға берілетін жазадан құтқаруын өтінеді. Сонда Алланың елшісі (с.а.с.): “Алла белгілеген жазадан жеңіл жаза іздеп тұрмысың, әй, Усама?! Алла атымен ант етейін, егер Мұхаммедтіц қызы Фатима ұрлық жасаса, Мұхаммед оның да қолын кескен болар еді. Расында, сіздерден бурынғы өмір сүрген қауымның түбіне жеткен нәрсе де осы болатын. Егер олардың құрметті адамы ұрлық жасаса тиіспейтін еді де, егер әлсіздері ұрлық жасаса, оған жаза беруші еді”, - дейді.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 2505
Печать

bilim-men-malИрактың Басра қаласындағы біраз адамдар таласқа түседі. Олардың бір тобы: “Білім малдан артық,” - десе, екінші тобы: “Жоқ, мал ғылымнан жоғары,” - деседі. Бұл таластан ештеңе шықпайтынына көздері жеткеннен соң сол елдегі ғалымның біріне кісі жіберіп, ғылым мен мал-байлықтың қайсысы артық екендігін сұрамақшы болады. Олардың жіберген адамы ғалымға келіп, екі топтың қайсысыныкі дұрыс екендігін сұрағанда ол: “Оларға ғылым байлықтан абзал де,” - дейді. Сонда әлгі кісі ғалымнан: “Егер оған дәлел сұраса, не дейін?’’ - деп сұрайды. Сонда ғалым: “Оларға дәлел мынау: ғылым пайғамбарлардан мұра, ал мал-байлық кейбір залым патшалардан да мұра болады.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Қажылық | Просмотров: 4988
Печать

ozindi-ozgeden-jogari-koiya-biluҚажылыққа келе жатқан бір топ адамның шөл далада азықтары таусылып қалады. Төңіректе көздеріне ештеңе шалынбайды. Содан екі-үш жігітті айналаны шолып, егер табылса тағам тауып келуге жібереді. Екі-үш жігіт біраз айналып, бір шатырды көздері шалып, соған қарай жүрді. Сәлем беріп ішке кірсе ішінде жасы келген қарт әйел отыр екен. Олар тағам бар болса өздеріне сатып алғысы келетіндіктерін айтады. Қарт әйел: “Менде сатуға арналған тамақ жоқ, бірақ малын бағып қайтатын балаларыма арналған тағам бар еді,” - дейді. Ашыққан жігіттер қарт анадан сол тағамды беруін сұрайды.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Сахабалар сабағы | Просмотров: 3294
Печать

muktajdarga-komek-beru-ulken-sauapӘбубәкір Сыддық халифалық етіп тұрған уақытта өз басынан өткен мына уақиғаны айтқан: “Бір күні Мәдинаны аралап жүргенімде үйлердің ішіндегі ең жұпыны, аласа ғана тұрған үйшіктің қасына барып тоқтадым. Есік алдына барып, үй ішіндегілерден кіруге рұқсат сұрадым. “Кір” деген әлсіз, қарлыққан дауысты естіп ішке кіргенде үй ішіндегі арық, әлі кеткен әйелді көзім шалды. Айналасында ішер ас, сусын көре алмадым. Әйелдің қимылдайтын да шамасы жоқ еді. Оның қасына жақындап, оған қамқор болып, қарайтын адамның кім екендігін сұрағанымда ол: “Менің Алла Тағаладан басқа ешкімім жоқ.

Подробнее...
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3478650
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
181
816
2272
1862
15684
3478650