Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 4417
Печать

otbasy-7-kagidasyYйленетін кезімізде отбасының 7 қағидасын жасадық:

    1. Сыйластық бірінші кезекте тұру керек. «Үйленген күннен бастап мені «сіз» дейсің» дедім. Бастапқыда «сіз» дегені құлаққа түрпідей естіліп, күлкіге көміліп қалғам. Он бес жылдан бері «сіз» деген сөз отбасымыздың татулығының тірегіне айналды. Достарымның әйелдері біреуі 5 жылдан соң, біреуі 8 жылдан соң, біреуі 10 жылдан кейін күйеулерін «сіз» дей бастады. Анасы әкесін «сіз» деп сыйлап тұрса, бала да әкесін құрметтейтінін түсінді;

2. Сенің ата-анаң – менің ата-анам, менің ата-анам – сенің ата-анаң. Балдызыма ақыл айтсам, туған қарындасыма айтқандай айтам, келіншегім қайнысына ұрысса, туған інісіне ұрысқандай ұрысады;

3. Қандай сыйлы қонақ келсе де,үйімізге ішімдік кіргізбейміз;

4. Балаларымызды мектепке дейін хан сияқты сыйлаймыз, мектеп кезінде шәкірт сияқты тәрбиелейміз, мектептен соң дос сияқты сырлас боламыз, бірақ ақыл айтпаймыз;

5. Ренжісіп қалсақ, 5 минуттан соң сөйлесеміз. «Жақсы адамның ашуы шәйі орамал кепкенше, жаман адамның ашуы басы жерге жеткенше». Біреуіміз қылт етсек, екіншіміз уақыт санап отырамыз;

6. Біздің үйде ер-азамат есеп бермейді, телефон соғып: «Қайда жүрсің? Қашан келесің?» – деген сұрақ қойылмайды. Кейбір достарымның әйелдері телефонмен: «Қайда жүрсің қаңғырып?» – деп жатқанын естігенде, телефоны болмаған біздің ата-бабалар не деген бақытты деп ойлаймын;

7. Ешқашан ажыраспаймыз. Маған әйел табылады, оған күйеу табылар, ал балаларға бөтен біреу өз әке-шешесіндей әке-шеше бола алмайды.

Авторы: Бейсен Құранбек

Ғибрат: Қарапайым тілмен өте қажетті қағидалар.

Пікірлер  

 
Шоқан 10.10.2013 00:24
Assalaumagaleikum! Barluktarunuzga Allanun nyru jaysun!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Айдана 13.10.2013 00:10
оте жаксы айтылган,болашакка керек создер
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Акерке 30.10.2013 13:23
Ассаламуғалейкум!ия бұл сөздер түсинген адамга үлгі боларлыктай екен!Аллаһтын нүры жаусын!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
назым 02.11.2013 08:58
Ассалаумагалейкум барлык мусылман бауырлар,еки адамнын силастыгы коп жерге апарады.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Азамат 06.11.2013 21:20
Ассалаумагалейкум Ия бұл әр бір жаңа құрылған мұсылман отбасының берік ұстанатын қағидасы болса деп тілеймін! Сіздерге алланың нұры жаусын.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Жанат 08.11.2013 13:23
өте жақсы айтылған қағидалар!Алла разы болсын!!!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
жаннұр төремұратқызы 22.11.2013 23:42
Алла разы болсын өте керемет айтылған, сыйластыққа не жетсін
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Аяулым 27.11.2013 22:31
ассалаумағалейкум баршаңызға денсаулык тілеймін және де жоғарыдағы айтылғандарды әлемдегі арбір отбасыға тілеймін.иншаллаһ осы кереметтей создер әрбіріміздің журегімізге консын АМИН
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3497858
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
516
645
1161
2562
18508
3497858