Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Қажылық | Просмотров: 4593
Печать

duga-etuАлла зарарға ұшырағандар мен мұқтаж кісілердің дұғасын қабыл етеді.
Бұл әңгімені Мәлик ибн Динар деген кісі айтқан. Ол қажылық сапарға шығып жолда келе жатқанда тұмсығында бір жапырақ наны бар құсты байқайды. Ол бұған қарап қалып: “Мына құстың бұл бір жапырақ нанды не істейтінін байқайыншы,” - деген ойға келеді,
Ол былай әңгімелейді: “Сонымен, әлгі құстың соңынан жүріп отырдым. Ол қол-аяғы байланған бір қария кісінің жанына ұшып келіп, тұмсығындағы әлгі нанды оның аузына салып, қайта ұшып кетті де, аздан кейін тұмсығына су толтырып келіп, әлгі қария кісінің аузына құйды. Мен қарияға жақындадым да: “Ия, қария, мұндай халге қалай тап болдыңыз?” - деп сұрадым. Ол: “Мен ұрылардың қолына түстім. Олар менің барлық нәрселерімді алды да, өзімді байлап тастап кетті. Бес күн бойы өзімді қысқан аштыққа сабыр еттім.

Содан Алла Тағалаға: “Ей, қиыншылыққа тап болған адамның дұғасына жауап беруші, менің басыма қиындық келді, маған рақымшылық жасай көр,” — деп дұға еттім. Содан Алла Тағала осы құсты жіберді,” — деді.
Мен оны байлаудан босаттым да, қажылыққа бірге аттандық.


Бұл әңгімеден түйетін ой: Алла Тағала өзінен қорқатын тақуа кісі мен қиыншылық тартқан кісінің дұғасына жауап береді.

 

Араб тілінен аударған
Қ. Садыбаев

Пікірлер  

 
Даурен 04.08.2013 03:18
МашАЛЛАХ
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Алия Муслимка 04.08.2013 03:22
мее қандай ғибраты мол әңгіме машАллах
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Амангул 09.08.2013 13:19
Алланың бар екеніне шүбәсіз сенемін, өйткені алладан шын көңілінмен тілек тілесен, тілегінді алла орындайды.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Айгүл 27.08.2013 17:45
Алла Тағала өте мейірімді.Алла біліп және білмей жасаған күнә кешілігімізді кешіре көр!!!!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
moldir 11.01.2014 14:05
МАШАЛЛАХ АЛЛА СОНДАЙ МЕЙРМД
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3303894
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
505
368
1279
1745
17911
3303894