Бiр замандарда бiр елде 70 рет қажылық өтеген кiсi өмiр сүрiптi. Сол елдегi бiр бидiң бiр де бiр рет қажылыққа баруға мүмкiндiгi болмапты. Күндердiң күнiнде биге бiр досы: «Анау кiсiден жетпiс қажылығының бiреуiнiң сауабын сұрап алмайсың ба?» - деп кеңес бередi. Сауап сұрап келген биге ол:
- Мен саған бiр емес, алпыс тоғыз қажылығымның сауабын берейiн, сен маған ең әдiл бiр билiгiңнiң сауабын берсең, - дейдi. Би ойланып қалыпты. Өйткенi, бiр рет әдiл билiк шығару алпыс тоғыз қажылықтан ауыр әрi абзал болуы мүмкiн екен.
Авторы: Пернегүл Үсенова
Пікірлер