Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Пайғамбарлар парасаты | Просмотров: 3801
Печать

Ең Ұлы ҚорғаушыРасулуллаһ (Аллаһ Елшісі) (с.ғ.с.) Қағбаға жиі келіп намаз оқитын. Бір жолы ол намазға кіріскенде, Қағбаға оны жек көретін құрайыш көсемдері кіріп келеді.

Олардың басшысы Әбу Жаһил:

- Мұхаммедтің тым-тырыс намаз оқып жатқанын қарашы. Кәне біреуің барып түйенің ішектерін әкеліңдер! - деп әмір етеді. Біреуі тез мал соятын жерге барып жидіп кеткен ішектер алып келіп, Мұхаммед (с.ғ.с.) сәждеге бас қойғанда олар әлгі ішектерді басына үйе салады.

Ішектер сұмдық ауыр әрі сасық болатын. Көсемдер айыздары қанып, рахаттана күледі. Олар халықтың өздеріне құлақ аспай, Пайғамбарға (с.ғ.с.) ергеніне ызалы еді.

Ислам жауларының не істеп жатқанын көрген Аллаһ елшісінің қызы Фатима жүгіріп келіп, сасық ішектерді әкесінің басынан жұлып алып, лақтырып, әлгілерге айғайлап, қорлыққа шыдамай жылап жібереді.

Пайғамбар (с.ғ.с.) оны жұбатып:

- Қызым, мені аяп жыламай-ақ қой, Аллаһ менімен бірге. Ол - Ең Ұлы Қорғаушы, - дейді.

Фатима өмір бойы әкесінің сүйікті қызы атанып, оны қатты құрметтеп өтіпті.

Тіпті бір жолы көп еңбектенгеннен алақандары ойылып, қолдары жарылып кеткендіктен, әкесіне келіп, өзіне бір қызметші беруді сұрағанда, ол кісі:

- Қызым, мен сенің қатты қиналып жүргеніңді көріп отырмын. Дегенмен, менің кейбір дінбауырларым аш жүргенде, қалай саған қызметші жібермекпін? - дейді. Әкесінің халқына сүйіспеншілігін жақсы білетін Фатима ренжіместен, рахметін айтып, бұрылып кетіп қалады. Оны Пайғамбар (с.ғ.с.): "Жәннаттағы жас әйелдердің алғашқысы", - деп атаған екен.

Авторы: Пернегүл Үсенова

Пікірлер  

 
Байжанаков Ахат 08.07.2012 00:37
Алла разы болсын...Алла тагала акиретте Пайгамбарымыз (с.а.с)туынын астында желбиретсин...
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Kausar 21.09.2012 10:10
Ассаляму алейкум уа рахматуллахи! Не деген жақсы басшы! Қазіргі басшылар пайғамбарымыз (с. ғ. с.) бен оның халифтерінен үлгі алса ғой, шіркін. Олар өз балаларына ешқандай жақсы қызмет бермеген. Өз балаларын ғана өбектейтін болса, басшы болып не керек, жеке бизнеспен айналыссын. Басшы деген бүкіл халыққа ортақ адам, халықтың құлы. Бәріңізді оқып көруге шақырамын: vk.com/leader.islam
Бұл "В контакте" әлеуметтік желісіндегі "Басшысы жақсы қандай-ды..." деген топ. Алла разы болсын.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Ануар 01.08.2013 05:00
Алла разы болсын
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Сабит Ускенбаев 04.08.2013 01:59
алла разы болсын сайттарыныз унады
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Ернар 08.08.2013 16:21
Фатима пайғамбарымызға (с.ғ.с.)өте қатты үқсаған ғой.Бір-бірін өте жақсы көрген.Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)қайтыс болғаннан кейін жарты жылдан кейін қайтыс болған. АЛЛАҺым Расулды (с.ғ.с.)және оның балаларын,сахабалары н жақсы көрген мұсылмандарды олармен бірге болуды нәсіп етші.Әумин.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Аскар.К. 17.08.2013 00:57
АЛЛАХтын нуры жаусын ба!р!мзге
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
moldir 11.01.2014 15:20
СУЙКТ ПАЙГАМБАРЫМЫЗ БЕН ОНЫН КЫЗЫНА АЛЛАНЫН НУРЫ ЖАУСЫН АМИН
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Тауариша 02.05.2014 15:57
Машаллаһ! Аллаһ Тағала адамзаттың асыл тәжі болған пайғамбарымызды (с.ғ.с.) көрем мінез бен әділдіктің туы, біздердің үлгі тұтар, тура жолға жетекшер шам-шырағымыз етіп жаратқан. Одан туған бала да атына заты сай болды. Әлһамдуллилаһи! Аллаһ біздерді де бізден тараған ұрпақты да оның үмбеті болуға жұмақта жүздесуге жазсын!!! Аллаһу әкбар!!!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Таншолпан 24.10.2015 11:49
Оте керемет.Аллага деген суйиспеншилиги оте жогары улги алайыкшы. Алланын нуры жаусын.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3503203
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
675
281
956
7907
18508
3503203