Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Сахабалар сабағы | Просмотров: 3861
Печать

bilimnin-artykshylygyБірде хазіреті Алиге он шақты яһуди келіп, бір сұрақ берейік, егер ол шын саңлақ болса, он түрлі жауап тауып сөйлер деген. Сонымен күндердің күнінде жаңағылар хазіреті Алиге:

- Ғылым артық па, әлде мал артық па? - деп оқыстан сұрақ қойыпты.

Сол мезетте Али:

Бірінші, ғылым артық. Өйткені ғылым - пайғамбарлардан қалған мирас, ал мал - перғауын мен Қарынбайдың мирасы.
Екінші, ғылым сені сақтайды, ал малды сен сақтайсың.
Үшінші, ғылымның досы көп, ал малдың дұшпаны көп.
Төртінші, ғылымды жұмсасаң арта береді, малды жұмсасаң азая береді.
Бесінші, ғылым саған құрметті атақ береді, ал мал сараң деген атақ калдырады.
Алтыншы, ғылым өзін-өзі сақтайды, ал малды үнемі бағып, күту керек.
Жетінші, ғылым қиямет күні иесіне шапағатын жасайды, ал мал иесіне қисапсыз жауап бергізеді.
Сегізінші, ғылым тозбайды, жоғалмайды. Мал болса, қолдың кірі, өледі жоғалады.
Тоғызыншы, ғылым көңілді нұрландырады, адамға ақыл-ой қосады, ал мал масаттандырады, болған үстіне бола түссе екен деп дүниеқоңыз етеді.
Оныншы, ғылым Аллаһқа зекет, тауһид, ғибадат қылады, ал мал иесінің көңіліне тәкәппарлық салады - деп, тапқырлық танытыпты.

Пікірлер  

 
nurbolat 03.11.2014 15:26
дұрыс айтыпты
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3303836
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
447
368
1221
1687
17911
3303836