Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 2983
Печать

Құрыдым, масқара!Жұмысқа жаңадан кірген жас инженер жиналыс кезінде үстел үстіндегі газетке қарап отырып, кенеттен сағатқа көзі түсіп кетіп орнынан ұшып тұрады да «Құрыдым, масқара» деп, жүгіріп бөлмесіне кіріп кетеді де есігін құлыптап алады.
Барлығы не болғанын білмей абдырап қалады. Фирма басшысы жиналысты тоқтатып:
– Оған бір нәрсе болып қалды ма? Абайлаңдар, өзін өлтіріп жүрмесін,- деп алаңдаушылық білдіреді.
Қалғандары өз пікірлерін айта бастайды:
– Білесіздер, бүгін биржа тұрақсыздыққа ұшырады. Оның үлкен үлесі болған шығар.
– Пайыз бен репо болуы да мүмкін. 200 пайыздан асты.


– Кеше доллар ауыстыратынын айтқан болатын. Бүгін доллар курсы күрт көтеріліп кеткендіктен миллиардттар жоғалтқан болуы керек.
– Сіздер қателесіздер. 3 күн бұрын аванс алған болатын. Мұндай нәрселерден проблемасы жоқ. Не болса да әйелімен ұрысқан шығар.
– Солай. Әйелін кеше көрдім. Дөрекі біреу болатын.
Фирма директоры:
– Әңгімемен уақытты жоғалтпайық. Бір сәтте тапаншаның даусы шығуы мүмкін іштен.
Директордың сөзінен кейін фирманың барлық қызметкерлері инженердің есігіне барады. Директор жылы сөзбен:
– Инженер мырза,- дейді, -Бауырым. Қате әрекет істеме. Білесің, бұл дүние өткінші. Бір күні онсыз да өлеміз.
Инженердің бөлмесінің есігі болаттан жасалғандықтан не істесе де сынбайды. Іштен ешқандай дыбыс та шықпайды. Өрт сөндірушілерге хабар беріледі. Алтыншы қабаттағы бөлменің терезелерінің астына брезент маталар керіліп, теледидар операторлары тікелей эфир түсіруге дайындалып, адамның сыртқа секіруін тілеп тұрады. Инженер 10 минуттан кейін есікті ашады. Жүзі нұрланып тұрып, ешнәрседен хабарсыз түрде есіктің алдындағы тобырға қарап:
– Екінді намазының уақыты өтіп кетуге сәл-ақ қалыпты, достар. Әйтеуірі, үлгедім-ау деп жауап береді.

Пікірлер  

 
Sholpan 13.07.2013 15:12
иа :-) маш Алла
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
бақыт 13.07.2013 21:10
машаллах
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Акнур 15.07.2013 04:29
:-) керемет
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
fariza 15.07.2013 16:16
машаллах
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Мәдина 18.07.2013 02:36
жақсы :-) өзім мұсұлман болғаныма мақтанам ИншАллах
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
жамбыл 13.08.2013 22:16
мұсылман болғаныңызға қуансаңыз нағыз бақытты адам екенсіз.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Айдан 20.07.2013 12:46
Aлла разы болсын
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Табигат 23.07.2013 20:44
Намаз окы казагым-ай.Уакытынан каза кылмай.
..Табигат
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Насиба 04.08.2013 01:18
Аллах разы болсын
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Алия Муслимка 04.08.2013 03:47
я машаллах жаксы әңгіме екен
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Айгүл 27.08.2013 18:00
Алладан сұраймын,менин жүрегіме инан нұрын сыйлай көрші.Намаз окыгым келген ниетімді кабыл етші Алла,жалынып сұраймын!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Нұрқанат 03.09.2013 09:26
Керемет! Алла Тағала аса Құдіретті ғой!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
молдир 10.09.2013 23:42
МашАллах,уа Аллах осы дуниедеги барлык мусылман кауымнын журегин иманга,жузин нурга толтырсын!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Габит 04.12.2013 08:37
Алла разы болсын жақсы әңгіме екен
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Курмет 07.12.2013 15:36
Маш алла нагыз мусылман ослай болу тис Иа раббым барлык мусылманын жүрегне хидайат бере гор!!!!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3503343
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
815
281
1096
8047
18508
3503343