Ертеде Бәшәр Ибн әл Харис есімді кісі өмір сүріпті. Ел оны “Жалаңаяқ Бәшәр” деп атайды екен. Ол Алла Тағаланы танып, тура жолға түсіп, Ислам дініне кірместен бұрын бір күні жол үстінде келе жатып жерде жатқан бір жапырақты көреді. Оны қолына алғанда оған жабысқан қағаздан “Бисмилләнир-рахмәнир-рахим" деген жазуды кореді. Ол қағазды сүртіп қалтасына салдыда, әтірсататын дүкенге қарай жөнеледі. Одан өзіндегі аз ғана тиын-тебенге әтір сатып алды да, үйіне келіп, жаңағы Алла Тағаланың есімі жазулы қағазға әтір себеді.
Сол күні түнде Бәшәр түс көреді. Түсінде оған біреу: “Әй, Бәшэр ибн Әл-Харис, есімімізді құрметтеп, жол үстінде аяқ асты болудан сақтап, жерден көтердің, оны тазалап, хош иіске боледің, сенің есіміңді енді біз де дүниеде де, ақыретте де көркемдейміз,” - дейді.
Осы оқиғадан соң ол Алланың дінін ұстанып, елге танымал ізгі жолдағы адамдар қатарынан саналады. Ол туралы Мүхаммед ибн Өс-Салт: “Халық арасында оның есімі пайғамбар есімі секілді орын алды,”- деген.
Бұл әңгімеден түйетін ой: Алла Тағаланың есімі мен оның сөздерін құрметтеп, аяқ асты болуынан сақтау керек. Сол секілді Құран аяттары мен Алланың есімі жазылған жарияланым беттерінің де қоқысқа тасталынбауын қадағалаған жөн.
Қ. Садыбаев
Пікірлер