Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 2951
Печать

shaitanga-ergen-adasadyБір әңгімеде біраз адамдардың кейбірінің Алланы қойып, өсіп тұрған ағашқа табына бастағаны туралы хикая баяндалады. Мұны естіген бір тақуа кісі оның адамға еш зарар келтіре алмайтын және ешкімді қорғай да алмайтын құр жансыз нәрсе екендігіне көздерін жеткізіп, құлшылық етуге лайық тек Алла Тағала ғана екенін ұқтыру үшін оны кесіп тастамаққа бекінеді. Сол кезде адам кейпіне енген шайтан одан: “Сен не істегелі тұрсың?” - деп сұрайды. Тақуа кісі: “Адамдардың Алла Тағаланы ұмытып, өздеріне Тәңір етіп алган ағашты шауып тастамақпын,” - дейді. Сонда шайтан: “Саған одан келер зиян не? Өз Тәңіріңді біліп, оған құлшылық ет те жүре бер. Оларда не шаруаң бар?” - дейді.


Әлгі кісі сөзінен таймай: “Жоқ, мен бұл ағашты қалай да кесуім керек, адамдар бұған табынуды доғарсын,” - дейді. Шайтан оның айтқанынан қайтпайтындығына көзі жеткен соң қулыққа көшіп: “Сен райыңнан қайт. Сол үшін нмен саған әр күні екі динардан беріп тұрайын", - дейді. Бұл сөзді естіген жаңағы кісі: “Мен сенен оны қалай ала аламын?” - деп сұрайды. Шайтан: “Сен оларды күнде таңертең жастығыңның астынан табасың,” - дейді. Осы уәдеден кейін әлгі кісі үйіне қайтады. Таңертең ұйқыдан оянғанда жастықтың астында жатқан екі динарды көрді. Осылайша бірнеше күн өтеді.
Бір күні таңертең оянып, әдетінше жастығын көтеріп қарағанда ештеңе таппайды. Ол ашуланып, адамдар Тәңір етіп алған ағашты кесуге жинала бастайды. Ағаштың жанына келгенде адам бейнесіндегі шайтан оған: “Әй, адам, сен не істегелі тұрсың?” - деп сүрайды.
Ол: "Адамдарға Алла Тағаланы ұмыттырып, өзіне табындырған мына ағашты кескелі тұрмын,” - дейді. Сонда шайтан: "Кесе алмайсың,” - дейді.
Оның сөзін естіген кісі балтаны қолына алып, ағашты шабуға кіріседі. Сол кезде шайтан оның қолынан шап беріп ұстап, тамағынан қылғындыра бастайды: "Сен менің кім екенімді білемісің?” - деп сұрайды. Оған адам: "Жоқ” - дейді. Ол өзінің Ібіліс екендігін айтып: “Сен бірінші рет келгенде мен сені ешқандай жолмен тоқтата алмайтыныма көзім жеткен соң сені ақшамен алдадым. Сен динарға сатылдың. Ал, қазір сен шайтанға ерушілердің қатарындасың. Өйткені сен мұнда ағашты шабуға Алла разылығы үшін емес динар үшін келдің. Енді менің күшім саған жетеді,” - дейді.

Ғибрат: Алла жолында бел шешкен істе табанды болу керек. Азғыруға ерсең адасасың.

Араб тілінен аударған: Қ. Садыбаев

Пікірлер  

 
Тәжібаев Жасур 14.08.2013 04:21
Ассаламу алайкум уә рахматуллохи уә баракатух . . . Жамагат Шайтанга жоламаныздар
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Нұрбике 19.08.2013 10:10
Баршамыз пендеміз, шайтан азғырмасын.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Олжас 21.08.2013 16:24
абдуғаффардың уағызынан оси кисини икрима ибн әбу жахл р.а дегенин естидим
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
ОЛЖАС 10.10.2013 22:01
иа Алла озин сакта бизди бале жаладан
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Курмет 07.12.2013 13:04
Аллам озi сактасын напСмзд дзгндеп шайтанга жол бермейк
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3503343
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
815
281
1096
8047
18508
3503343