Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 2930
Печать

Alla-sarandykty-suimeidiЕртеде ел ішінде сараңдығымен әйгілі болған бір кісі өмір сүріпті. Бір күні оған жақын достары қонаққа келеді. Ол олардың бұл келгенін ауырсынады, қонақасы бергісі келмейді.Өзінің де тамақ ішетін уақыты болып, мазасы кетеді. Ақыры шыдамай қызметші жігітке ас әкелуін бұйырды. Қызметші жігіт үстіне тауық еті салынған бір тостаған ғана ас әкеліп қояды. Сараң үй иесі пісірілген тауықтың басы жоқ екендігін көреді де қызметшісін шақырып, одан тауықтың басын сұрайды. Қызметші: “Пісірерден бұрын кесіп алып, сыртқа тастадым," - дейді.

Үй иесі ашуға басып: “Әй, бала! Сен менің тауықтың аяғын лақтырған адамды жек көретінімді білмейсің бе, ендеше оның басын қалай тастайсың?!” — деп айғайлайды. Содан соң одан әрі лепіріп: “Басыңа бәле келгір! Ол бастың қалған дене мүшелерінің басшысы екенін білмейсің бе? Басы болмаса әтеш қалай шақырады, бізді таңертең намазға кім оятады? Ал, оның тазалыққа мысал ретінде айтылатын көзі ше? Адамдардың шараптың тазалығын мақтап, тауық көзіне теңейтіндерін естімеп не едің? Тіске ең жұмсақ тауық басынан дәмді сүйек жоқ екенін білмеймісің? Рас, мен тауық басын жемеймін, бірақ мына келген қонақтардың бірі жер-ау деп ойламадың ба? Бар, жөнел, ол басты қорламай, лақтырған жеріңнен тауып алып кел," - деді.
Қызметші жігіт: “Рас айтамын, қожайын. Оны қайда тастағаным есімде жоқ,” - дейді сасқалақтап. Сонда оған сараң үй иесі: “Сен білмесең, мен білемін, ол басты сен қарныңа лақтырдың, ашкөз!" - деп жекіреді. Оның мұндай сорақылығын көрген қонақтары орындарынан тұрып шығып кетеді.

Ғибрат: Бұл сараң кісі, біріншіден, қонақты құрметтеу туралы Құдай Тағаланың әмірін орындамаса, екіншіден, қонаққа сый көрсету туралы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өсиетін де санадан шығарды. Сараң адам Алла Тағаладан алыс, ал тозақ отына жақын болады.

Араб тілінен аударған: Қ. Садыбаев

Пікірлер  

 
Аскар.К. 22.08.2013 21:16
ия.однай адамдарда баргой.оларга не айтасын.ондай адамдар тус!нбейд! гой.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
nurjamal 23.08.2013 19:41
Окинишке орай ондай адамдар казирде коп
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
қайрат 03.09.2013 01:10
ساراڭ ادامعا داۋا جوق،
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Айгерим 24.09.2013 09:52
Сараңдық жақсы адамдардың ортасынан алыстады емес пе?!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
moldir 12.01.2014 16:10
ондай адамдар азайа берсе екен деймн
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3503343
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
815
281
1096
8047
18508
3503343