Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 3328
Печать

adal dostykБір әскер өзінің ең жақын досының ауыр жараланып жерге кұлағанын көреді. Қызу шайқас кезі. Капитанына жүгіріп келіп, әскер:
- Жолдас капитан, досыма барып, оны алып келуге рұқсат беріңіз, - деп өтінеді. Капитан «жынданған шығарсың!» дегендей әскерге қарап:
- Досың ауыр жаралы, өліп те қалған болар. Өз өміріңді қауіп-қатерге тігіп қайтесің - дейді.


Әскер баруым керек деп тұрып алады, капитан:
- Жарайды, барсаң бар - деп рұқсат береді.
Әскер бораған оқтың астымен жүгіріп барып, досын арқасына арқалап, бекініске әрең дегенде жетеді. Капитан жаралы әскердің жүрек соққысын тыңдады да:
Саған өміріңді қауіпке тігіп не қылмақсың деп айттым ғой? Досың бәрібір өліп қалды.
Жоқ, жолдас капитан, барғаным дұрыс болды - демін ала алмай жатыр екен.
Қалайша дұрыс болады? Оның өлгенін көріп тұрсың ғой шырағым-ау.
- Бәрібір дұрыс болды. Өйткені, досымның қасына барғанымда ол әлі тірі екен. Оның соңғы сөздерін есту мен үшін өте маңызды болды - деді де жылап жіберді. Сосын досының соңғы сөздерін қайталады: - Келетініңді біліп едім! Келетініңді біліп едім досым! Рахмет.

Ғибрат: Адал достық. Достықтарыңызға адал, шынайы дос болыңыздар. Достықтарыңызға берік болыңыздар.

Пікірлер  

 
Мейірбек 26.09.2013 00:18
Сізге де АЛЛАНЫҢ салемі болсын Сізге АЛЛА Разы болсын
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
moldir 12.01.2014 15:56
машаллах ешкашан достыгымызды сатпайык
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3503203
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
675
281
956
7907
18508
3503203