Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 4255
Печать

5-maimylТемір тордың ішіне бес маймыл қойылады. Ортада бір саты тұр. Сатының үстінде жіппен байлаулы әдемі жемістер. Маймылдар сатыға шығып, әлгі жемістерге ұмтылғанда, жоғарыдан мұздай су құйылады. Маймылдар тастай суға бұланып, жаурап қалады.

Біраздан соң жеміске қарай жүгірген маймылды өзге маймылдар тоқтата бастайды. Тастай су тоқтатылады да, маймылдардың бірі сыртқа шығарылады.

Оның орнына еш нәрседен хабары жоқ басқа бір маймыл қойылады. Торға кірген маймыл ішкі түйсікпен болса керек, жемістерді көрген бойда, сатыға қарай ұмтылады. Бірақ бұрынғы төрт маймыл оны жібермейді, тіпті ұра бастайды. Содан соң су болған маймылдың тағы бірі шығарылып, орнына басқа маймыл кіргізіледі. Ол да жемістерге жүгіріп, өзге маймылдардан таяқ жеп тынады. Осы маймылды ең аяусыз сабаған жаңа ғана кірген маймыл болып шығады. Ол жаңа ғана өзі еш себепсіз таяқ жеген еді. Суға жаураған маймылдың тағы бірін сыртқа шығарады. Оның орнына кірген маймыл жеміске ұмтылып, өзге маймылдардан қатты таяқ жейді. Бұл маймылды да ең қатты сабағандар жаңа ғана сырттан кірген екі маймыл болып шығады. Шындығына келгенде, олар сырттан кірген үшінші маймылды не үшін сабап жатқандарын да білмейді. Сөйтіп бірінші топтағы маймылдардың барлығы да басқа маймылдармен ауыстырылады. Сатының үстінде ілулі тұрған жемістерді барлығы да ұмытады. Олар тек сырттан кірген маймылды сабаумен болады. Неліктен деп ойлайсыз?

Өйткені мұнда осындай дағды қалыптасқан. Бұрынғының жолы солай... Жоғарыдағы мысал біз адамдарға да сабақ боларлық. Көпшілік проблеманың негізін зерттеп, оның шешімін табудың орнына, қисық та болса бұрынғының жолын ұстануды дұрыс санайды. Олар бұрынғының жолын орындау үшін аяусыздық пен қатыгездікке де баруы ғажап емес.

«Өзін өзгертпегенді Аллан өзгертпейді»,- деген. (Құран, 8/53).

Пікірлер  

 
Айтолкын 23.02.2014 21:24
Оте керемет жазылган
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Бәймен 27.02.2014 12:55
Өте дұрыс жазған екен
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Айнур 14.03.2014 16:23
Қызықты,керемет жазылған екен.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Нурхат 15.03.2014 09:21
Ассалаумагалеикум керемет жазылган екен маган оте катты унады. сиздерге Алланын нуры жаусын.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Тауариша 06.05.2014 16:59
Машаллаһ!!! Ойлау мен санасы қараңғы маймыл қауіптің қайдан келетінін түсініп келесісін тосыпты. Ал сол келесілер тосудың себебін білместен өзінен кейінгіні жайсыз жағдайдан қорғапты. Біздер олардан дәрежеміз жоғары бола тұра тура жолдан тайғандарды қорғамақ түгілі өзімізді басқара алмай жатамыз. Аллаһ берген ақыл-ойдың қадірін біле алмағанымыз орны толмас өкініш. Санасы ояу жанға сабақ болар оқиға екен. Аса Мейірімді Жаратқан Иеміз адасқан бауырларымызды ең болмаса осы маймылдар дәрежесіне көтерсе екен. Сонда Қазақ елінің ішін жайлап келе жатқан жат нәрселердің зияны азайып, Аллаһтың қаһарыннан аман болар едік Иншаллаһ!!! Аллаһ еңбектеріңізді жаннаттың сыйлығымен марапаттасын!!! Аллаһу әкбар!!!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Али 16.07.2014 12:49
такариша оте жаксы аиттын алла разы болсын бауырым аллаху акбар
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Төрехан 31.03.2016 12:08
Біздің билік те осыған ұқсас.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Қаиыркүл 12.12.2018 18:31
Алдыңғы себеп пен салдар, одан сорақы себеп пен салдарға әкелмеуі керек, керісінше болу керек.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3303787
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
398
368
1172
1638
17911
3303787