Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 4679
Печать

baidyn-naskiiӨте бай кісі өлімінің жақындағанын сезгенінде баласын жанына шақыртып ең маңызды өсиетін айтыпты. «Балам мені мазарға шұлығыммен көміңдер!» депті. Баласы түсінбегенімен жарайды деп қабыл етеді. Әкесі қолына тағы бір хат береді. «Мен өлгеннен кейін бірінші қиналған кезіңде хатты ашып оқы!» дейді.

Күндер өтіп ажалы келген әкесі жан тапсырады. Ал бұл кезде баласын бір ой мазалап жүреді. «Мен енді әкемді шұлықтарымен бірге қалай көмемін...» Қанша молдаға, имамға барса да алғаны бір жауап «жоқ, дінімізде ондай нәрсе болмайды!». Бала шарасыз отырғанда есіне әкесінің «бірінші қиналған кезіңде хатты ашып оқы» деп берген хаты түседі. Дереу хатты тауып оқиды. Хатта былай жазылған болады:
«Балам байқағаныңдай мен мұнша бай болсам да өзіммен бірге бір шұлықты да алып кете алмадым. Енді қалғанын өзің ойлан...»

Пікірлер  

 
muldir 25.06.2014 17:41
тусинбедим өтиниш болса тусиндирип бересиздерма?
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Айым 01.07.2014 22:38
Кабырге тек изги амалдарынмен гана барасын,еш дуние*мулик,бала -шаган комек бере алмайды дегени гой.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Динара 08.11.2014 19:40
Рахмет сіздерге! Алла разы болсын!!!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Ғалия 27.12.2014 12:08
Иа бұл өмірде дүние, мал, ақша деп жан таласамыз о дүниеге ол дүние, мал, ақшаң бір тиынға қажеті жоқ біз соны неге түсінбейміз ұмытып кетеміз.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Арман 29.03.2016 18:02
Адам бұл өмірге тыр жалаңаш келіп,өмірденде дәл солай тыр жалаңаш кетеді емеспе,бұның бәрі бір Алланың қолында
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3303958
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
569
368
1343
1809
17911
3303958