Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 4765
Печать

eki-nauhasБір ауруханада екі қарт жатыпты, Екеуінің науқастары бір болғандықтан бір бөлмеге жайғастырылыпты. Тек бірі терезенің жанында, екіншісі есіктің дәл қасында жатады екен. Терезе жанындағы қарт күн сайын есік тұсындағы қарияға сырттағы тыныс-тіршілік туралы айтып отыратын:
— «Бүгін теңіз бір қалыпты. Аздап жел соғып тұр ғой деймін. Өйткені ана ұзақтағы кеменің желкені желбіреп тұр. Теңіз жағалауында шағалалар ұшып жүр».

Осылайша күндер өте береді. Күндердің бірінде әлгі терезе жанындағы ақсақалдың жүрегі ұстап нашарлап қалады. Әдетте, бөлмедегі қоңырау түймесін баса қалса дәрігерер жетіп келетін. Ал бүгін қасындағы қарт дәрігерді шақыртатын түймені баспады. Ғибратты әңгімелер: Қабырға хикаясыӨйткені терезеден дүниені өзі көре алмай, тек көршісін тыңдаумен ғана шектеліп жататын. Сол есіне түсті ме, шайтанның сөзіне еріп, қоңыраудың түймесін басуға құнт таныта қоймады. Осылайша, ол досын жазықсыздан жазықсыз өлімге қиды да жіберді. Келесі күні дәрігерлер есіктегі кісіні терезе жанындағы босаған орынға ауыстыратын болды. Осы күнге дейін тыңдауды ғана місе тұтқан адамның қуанышы қойнына сыймады. Енді табиғаттың сан қырлы нақыштарын өз көзімен көріп жататын болды. Орнына жайғаса салып, басын көтеріп терезеге асыға мойнын созып еді. Арғы жақта қара қабырғадан басқа еш нәрсе көрінбеді.

Пікірлер  

 
НұрСұлтан 13.08.2015 18:10
Бәлен жерде алтын бар, барсам бақырда жоқ!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Марзия 21.01.2016 11:52
Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі. Адамдар бір-бірімізді қандай жағдай болса да көмектесейік, адамнан қайтпаса да Алладан қайтатынына шүбәм жоқ. Ол адам өзі көмегенді басқа адам қуансын деді. Ал екіншісі қолынын келіп тұрған істі жасамады.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3303929
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
540
368
1314
1780
17911
3303929