Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 2974
Печать

Өнерпаздың жазасыБiрде патшаға уәзiрi таңқала бiр жаңалықты жеткiзедi. Бiр өнерпаз жiгiт он қадамнан иненiң көзiне жiп лақтырып өткiзедi екен! Патша ол жiгiттi алдыртады. Лақтырғанын өз көзiмен көредi. Сонан соң жiгiттен: - Осы өнердi үйренуге қанша жылың кеттi? - деп сұрайды.

- Жиырма жылым кеттi,- деп масаттана жымиыпты жiгiт.

- Мынаған жиырма алтын берiңдер. Сонан соң жиырма дүре соғыңдар! - дептi патша нөкерлерiне. Патшадан тек қана қошемет дәметiп тұрған жiгiт:

- Жазығым не? - деп шоши, үрейлене сұрайды.

- Аллаһтың өлшеп берген өмiрiнiң бақандай жиырма жылын пайдасыз iске жұмсағаның үшiн!- дептi ашулы патша.


Авторы: Пернегүл Үсенова

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3503343
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
815
281
1096
8047
18508
3503343