Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 2322
Печать

uly-toiӘф әл-Мүттәліп - Мекке билеушілерінің ішіндегі текті кісі саналатын. Бірақ, ол ұлы жоқтықтан қатты қайғыратын. Бірде ол Алладан: «Егер он ұл берсең, біреуін құрбандыққа шаламын» деп дұға тілейді. Алла оның тілегін қабыл етіп, ортаңқолдай он сыйлайды. Күндердің күнінде Әбд әл-Мүттәліп түс қөреді. Алла оның уәдесін ұматқанын ескертеді. Осы түс үш рет қайталанғанда, ұлдарын Қағбаға ертіп келіп, жеребе тастау арқылы таңдау жасайды. Таңдау Абдулла есімді ұлына түседі. Абдулла - балаларының ішіндегі ең көрікті, көркем мінезді, мейірімді, ақылдысы болатын. Сондықтан туған бауырлары ғана емес, бүкіл ел ақсақалдары кеңесе келе:

- Абдулла - өте ақылды бала. Мүмкін оның орнына он түйе құрбандық шалсақ, Аллаһ кешіретін шығар? Тағы да жеребе тастап көрейік! - десті.

Дегенмен бұл жолы таңдау тағы да Абдуллаға түседі. Ақсақалдар әр жолы он түйеден қоса отырып, түйе санын жүзге жеткізеді. Ең соныңында таңдау жүз түйеге түскенде ғана Абдулла өмірі жалғасын тауып, бүкіл елі қуанышқа кенеліп, Меккеде бір-ақ сәтте жүз түйе сойылып, қуаныш соңы үлкен тойға ұласыпты.

Аллаһтың калауымен аман қалған сол Абдулла есімді жігіттін отбасында соңғы пайғамбар Мұхаммед с.ғ.с. дүниеге келеді. Абдулланың ұлы Мүхаммед с.ғ.с. — Аллаһтың Елшісі, адамзаттың абзалы атану бақытына ие болды.

 

Авторы: Пернегүл Үсенова

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3503343
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
815
281
1096
8047
18508
3503343