Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 2509
Печать

sheit-bola-almauЕң үлкен күнәнің бірі - кісі өлтіру. Ал дінді Отанды қорғау үшін болған соғыста ол күнә емес. Осындай жихат соғысында бір батыр жігіт ерлігімен ерекше көзге түсіп, жау әскерін жапырып ұрыс салады. Оны көрген бар мұсылман сүйсініп, елжіреп тұрады. Сол кезде Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. жанындағыларға:

- Мына жігіт тозаққа барады, - дейді. Бәрі аң-таң. О қалай? Дін үшін жан аямай соғысып, кәпірлерді жеңуге үлкен үлес қосып жүрген адам қалайша тозаққа бармақ?
Бір кезде жігіт ауыр жараланады да, жарақат жанына қатты батқасын, шыдамай өзін-өзі өлтіреді.


Оны көрген мұсылмандар қатты өкінеді. Өйткені өзіне қол жұмсап өлгендерге о дүниеде жәннаттан орын жоқ. Қандай өкініш! Тән жарасына сабыр ете алмаған бишараның алдында қандай азаптар күтіп тұр десеңші! Әттең!..
Ал, біздің қоғамда асылып, биік үйден секіріп өліп жатқандар қаншама! Бұ дүниенің қиындығына шыдамаған олар мәңгілік қандай жақсылық көрмек?

 

Авторы: Пернегүл Үсенова

Пікірлер  

 
Нұрай 05.12.2012 11:51
өз өзін өлтіріп жатқандар о дүниеде тозаққа барады екен маған бұл әңгіме қатты ұнады
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Көгершін 19.07.2013 16:29
біреудің тозаққа барғаны саған неге ұнайды?одан да өзіңе, және басқа мұсылман қауымға жұмақтан орын тілесейші!Біреуде нең бар?
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Жакиева Гулнур 22.07.2013 05:32
Когершiн! Нурайдын айтканын кате тусiндiн. Ол унады деп тозакты емес,ангiменi айтты.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Жанерке 27.07.2013 01:32
ассалямуалейкум биреуге олим тилегенше озимизге омир тилеийк деп казак тегин айтпаган
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3503343
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
815
281
1096
8047
18508
3503343