Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 2769
Печать

Мөңке бидің қызыБір кісі түс көріп, түсін Мөңке биге жорытпақ болады. Мөңке би қызын шақыртып түсті қызына жоруды сұрайды.

-Бір жолы бәйгеге 40 ат қостым, біреуі де бәйгеден келмеді. 30 ат қостым біреуі де келмеді. 5 ат қостым, төртеуі бәйгеден келмеді де, біреуі ғана қарақшыға аман жетті. Аман жеткені сол, келе сала пышаққа ілікті. Әлгі аттың ішін жарып жібергенімде, қасқыр шық-ты, қасқырды жарғанда түлкі шықты. Түлкіні жарғанда,қоян шықты. Осыны жорып берші, - дейді Мөңке би. Сырым түс жорудың жолын Мөңкенің ұзатылып кеткен қызына беруді ұйғарады.

Бірақ, ол би үш рет шақыру жібергеннен кейін әрең келеді. Қыз түстің жайын білген соң Сырымға: Түсті жездеңе жорытпа, жиеніңе жорытпа, әйелге жорытпа деген сөз бар еді.. Сонда да айтайын, - дейді. - Түс адал түс, қияли түс, шайтан түс деп үшке бөлінеді.

Мұны қай түске жатқызарымды білмеймін, бірақ оның шешуі мынадай: "40 ат дегеніміз - мұсылманның 40 парызы орындалмай қалатын заман болады екен; 30 аттың бәйгеден келмей қалатыны - 30 күн ораза ұстамайтын заман туады екен; 5 аттың төртеуі келмей, біреуі келгені - бес уақыт намаз қаза болып, оны біреу оқып, біреу оқымайтын кез келеді екен; қасқырдың шықканы - кісінікін тартып алып, ұрлап жейтін зорлықшыл заманның туатыны шығар; Түлкі шықканы - алдаушы мен арбаушы көбейетін, түлкідей бұлаңдаған заманның күтіп тұрғаны шығар; қоян шыққаны - ұрпақ үрейленіп өсетін, көлеңкесінен қорқып жүретін заман болар".

Осыны айтып болғаннан кейін Мөңке бидің қызы: - Маған түс жорытқандарыңыз қате болды, күндердің күнінде әйел билеген заман келеді. Ол заманда әйелден ұят кетеді, еркектен намыс қашады, менің үш рет шақырғанда зорға келуімнің сыры осында еді депті.

Пікірлер  

 
Мәдина 18.07.2013 03:07
осы заман ақыран жетіп жатыр
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
жаннұр төремұратқызы 24.11.2013 01:51
Міне сол заманның келгеніда, күнделікті өмірден көрініп жатрғо
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3503343
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
815
281
1096
8047
18508
3503343