Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 2904
Печать

Патшаның қызы неге бақытсыз?Ертеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріп, қолынан келгенше оларды ештеңеден қақпай, қалағандарын жасап, айқандарын екі етпеуге тырысады екен. Дегенменде, екі қыз өсе келе мінездері өзгере бастапты. Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті. Патшаның қайғылы түрін көріп, себебін сұрапты. Патша: «Е-е-е… сұрама, күлмейтін бір қызым бар, дертін ешкім білмейді» - дейді. «Патшам, рұқсат етсең, сарайыңызға қонақ болайын. Мүмкін қызыңыздың қайғысының себебін табармын», — дейді жолаушы. Патша қуана рұқсат етіпті.


Сол күннен бастап саяхатшы екі қызды патша рұқсатымен жасырын аңди бастапты. Қараса екеуі түнде жатар алдында жастықтарының астынан бір дәптер шығарып, бір нәрселер жазып, таңертен жазғандарын оқып, орындарынан тұрады екен. Саяхатшы бір күні қыздар ұйықтағаннан кейін дәптерлерін алып оқыса, кіші қыз өзіне жасалған жақсылықтарды, ал үлкен қыз тек болмашы әділетсіздіктерді жазыпты.
Ертеңінде саяхатшы кіші қыздан рұқсат алып, оның дәптерін үлкен қыздың жастығының астына қояды. Таң атысымен патшаның үлкен қызы жастық астынан дәптерді алып оқыпты. Сарайдағылар екеуіне де бірдей қарағандықтан ол дәптерде жазылғандарды жатырқамапты. өзіне жасалған жақсылықтар есіне түсісімен жүзі жадырап, қуанғаннан ән сала бастапты.
Патша үлкен қызының қуанғанын көріп, өз құлағы мен көзіне өзі сенбепті. Бірден саяхатшыны шақырып, бұны қалай жүзеге асырғанын сұрапты. Саяхатшы: «Патшам, өмір айна сияқты. Оның жақсы жақтарын ойласақ, бізге әдемі көрінер. Сіздің үлкен қызыңыз өмірінің жаман жақтарын ойлағаны үшін бақытсыз болған», — деп жауап береді.
Патша үлкен қызын шақырып, оған енді дәптеріне тек жақсылықтарды ғана жазуға кеңес беріпті. Сол күннен бастап, патшаның екі қызы да бақытты өмір сүріпті.

Бұл қазіргі жастардың (яғни біздердің) арасында көп кездесетін дүние. Осы оқиға көптеген бауырларыма ой салады деген үміттемін. Әр нәрседен тек жақсылығын алып, жақсы ойда болуға тырысайық. Сонда ғана біз шын бақытты боламыз!

Пікірлер  

 
Мәдина 18.07.2013 02:54
иа бұл көп жастарға сабақ болар деп ойлаймын :-)
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Насиба 04.08.2013 01:21
бұл маған өте ұнады. ризамын......
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Ажар 16.09.2013 03:32
тамаша дал мен сияты кыз екен)))
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3503343
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
815
281
1096
8047
18508
3503343