Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Сахабалар сабағы | Просмотров: 3134
Печать

muktajdarga-komek-beru-ulken-sauapӘбубәкір Сыддық халифалық етіп тұрған уақытта өз басынан өткен мына уақиғаны айтқан: “Бір күні Мәдинаны аралап жүргенімде үйлердің ішіндегі ең жұпыны, аласа ғана тұрған үйшіктің қасына барып тоқтадым. Есік алдына барып, үй ішіндегілерден кіруге рұқсат сұрадым. “Кір” деген әлсіз, қарлыққан дауысты естіп ішке кіргенде үй ішіндегі арық, әлі кеткен әйелді көзім шалды. Айналасында ішер ас, сусын көре алмадым. Әйелдің қимылдайтын да шамасы жоқ еді. Оның қасына жақындап, оған қамқор болып, қарайтын адамның кім екендігін сұрағанымда ол: “Менің Алла Тағаладан басқа ешкімім жоқ.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Сахабалар сабағы | Просмотров: 3474
Печать

kishipildikХазреті Омар ибн Хаттаб кішіпейілділік, қарапайымдылық, тақуалық қасиеттерімен танылған. Оның кішіпейілділігі жайында бізге жеткен хабарлар мен ел аузында жүрген мәшһүр әңгімелер өте көп. Соның біреуі мынадай.
Омар ибн Хаттаб өзінің қызметшісі екеуі Шам еліне сапарға шығады. Сол кездегі мұсылмандар халифасы бола тұра ол қызметшісі екеуі бір көлікке кезектесіп мініп келе жатады. Түйеге мінетін кезек Омарға келгенде қызметші бала жерге түсіп, ноқтаны қолына алып, түйенің алдына түсетін. Ал, оның кезегі келген сәтте хазреті Омар баланы мінгізіп, түйені өзі жетелейтін. Шамға жақындағанда түйеге мінер кезек қызметші балаға келеді. Жолай судан өтеді. Ол аяқ киімін шешіп, түйені жетелеген күйде суды кешіп келе жатқанда алдарынан Шам әміршісі Әбу Убайда Жаррах шығады. Ол жәннатпен сүйіншіленген он кісінің біреуі еді.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Сахабалар сабағы | Просмотров: 3193
Печать

kaiyrymdylykБұл оқиға Омар ибн Хаттабтың халифалық құрып тұрған заманында болған. Бір күні Омар ибн Хаттаб пен хазреті Әли ибн Әбу Талиб басқа да сахабалармен бірге Харам мешітін зиярат етіп жүр еді. Сол кезде олар қартайған, көзі көруден қалған, жүруге әлі жоқ бір қарт әйелді арқалап алған кісіні байқайды. Оның Қағбаны айнала жүріп өз-өзіне: “Ей, Раббым, мен анамды өмір бойы арқалап, көлігі болып өтсем де ештеңем кетпейді. Оның алдындағы қарыздарымның ең құрығанда кейбірін өтесем екен. Әміріңе бойсұндым, ия, Раббым!” — дегенін естиді. Сол кезде Омар ибн Хаттаб қасындағыларға: “Қане, біз де мына тауап етіп жүрген адамдарға қосылып айналайық. Бұл уақыт құлдарына Алланың рахымы мен мейірімі түсетін сәт.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Сахабалар сабағы | Просмотров: 2814
Печать

senimdilerge-syiАбдулла ибн Омар бір күні өз жолдастарымен базарға шығады. Олар жолай бір жерді таңдап, тамақтанып алмақ оймен дастархан жайып жайғасады. Сол кезде олардың қасынан қой айдап бір бозбала өтіп бара жатады. Абдулла ибн Омар оны өздерімен бірге тамақтануға шақырады. Оған бала: "Сізге Алланың рахымы болсын, мен ораза едім, дейді. Абдулла оған таңдана қарап: "Мынадай ыстық күнде қой бағып, ораза ұстап жүрсің бе?” - деп сұрайды.

Оған бала: "Тозақ оты бұдан да ыстық, е, мырза” — дейді. Абдулла: "Құдай ақы, дұрыс айтасың,” - дейді. Содан соң ол баладан бағып жүрген қойынан бір қой сатуын сұрайды. Бала оған: "Бұл менің қожайынымның малы, мен иесі емеспін,” - деп жауап береді.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Сахабалар сабағы | Просмотров: 2960
Печать
Білім артық па, байлық артық па?VII ғасырда өмір сүрген, мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі Әзірет Әлінің (Әли ибн Әби Талиб) ел ішінде «ілімнің қақпасы» аталып кеткендігінің рас - өтірігін сынау мақсатында жерлестері оған он адамды кезекпен жібермекші болған. Олардың бәрі Әзірет Әліге бір ғана сұрақ: "Білім артық па, байлық артық па?» деп сұрайтын болып келіскен. Егер осы сұраққа он түрлі жауап берсе ғана халифаны шын мойындамақ болыпты. Сонда Әзірет Әлі әр адам қойған бір сұраққа түрлі дәйектемелермен былай деп жауап берген екен:
Подробнее...
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3303763
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
374
368
1148
1614
17911
3303763