Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Сахабалар сабағы | Просмотров: 3493
Печать

Ана мейiрiмiАлқама есiмдi сахаба жiгiт өлiм аузында жатып «Алладан басқа Тәңiр жоқ» (Лә иллаһа илла Аллаһ) деп кәлима келтiруге тiлi келмей, қиналып жатады. Мұны көрген Пайғамбар (с.ғ.с.) сахабалардан:

- Бұл жiгiт бiреудi ренжiтiп пе едi? - деп сұрайды.

- Иә, бұл жiгiт анасын қатты ренжiтушi едi,- деседi олар.

- Онда барып анасын алып келiңдер, - дейдi Аллаһ елшiсi.

Анасы келедi. Оған Пайғамбар (с.ғ.с.):

- Балаңызға кешiрiм етiңiз, өлiм аузында жатыр, - дейдi.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Сахабалар сабағы | Просмотров: 3528
Печать

Жәннатқа лайық болған әкеБаяғыда бiр мұсылман отбасында күйеуi алыс сапарға аттанып, әйелi үйде қалады. Бiр күнi оның төркiнiнен:

- Тез келiп жет, әкең ауырып қалды, - деген хабар жетедi. Келiншек:

-Мен ерiмнiң рұксатынсыз бара алмаймын, Аллаһтың қаһарына ұшырап, перiштелердiң қарғысына қалғым келмейдi, - деп хабаршыны қайтарып жiбередi. Арада аз уақыт өткен соң:

- Әкең хал үстiнде, сенi көргiсi келiп жатыр, - деп жанұшыра жеткен хабаршыға тағы бара алмайтынын айтады.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Сахабалар сабағы | Просмотров: 4020
Печать

Халиф пен ауру кемпiрХазiрет Әбубәкiр халиф (патша) боп өмiр сүрген заманда, күнiге кешкiлiк жұмыстан соң, жаяулатып қала сыртына шығып кетедi екен. Қасына ешкiмдi ертпейдi. Қайда баратынын да, не iстейтiнiн де тiрi жанға айтпайды. Бiрде оны досы Омар аңдиды. Сөйтсе, Әбубәкiр ақсақ аяғын сүйрете басып қала сыртындағы жаман лашыққа кiредi. Ет пiсiрiм уақыттан соң шығып, қалаға қайтып кетедi. Ол кеткен соң әлгi лашыққа Омар кiрсе, өзi ауру, көзi соқыр кемпiр мен бiр-екi бала ойнап отыр. Амандасып болған соң, Омар:

- Апа, қалай күнелтiп жатырсыз?- деп жағдай сұрайды. Сонда ауру кемпiр:

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Сахабалар сабағы | Просмотров: 6212
Печать

Жәннаттық адамПайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларымен бiрге отырғанда: - Қазiр осы жерге жәннаттық бiр адам келедi, - дейдi. Сахабалар таңдана бiр-бiрiне қарасып отырғанда бiр кiсi кiрiп келедi. Ертеңiне де, одан кейiнгi күнi де осы жағдай қайталанады. Пайғамбар (с.ғ.с.) тұрып кеткеннен кейiн Омарұлы Абдулла атты сахаба әлгi кiсiге жақын келiп:

- Мен әкеммен сөзге келiсiп қалып, үш күн қасына бармауға ант iшiп едiм. Сол үш күндi сенiң қасыңда өткiзсем бола ма? - деп сұрайды. Ана кiсi келiседi. Абдулла онымен бiрге үш түн бiр түнеп, оның түнде намазға тұрғанын көрмейдi. Жақсы сөзден басқа сөз айтқанын естiмейдi. Үш күн өткен соң оған былай дейдi:

Подробнее...
 
<< В начало < Назад 1 2 3 4 5 Вперёд > В конец >>

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3303747
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
358
368
1132
1598
17911
3303747