Мәдиналық мұсылмандардың ішінде Салаба атты сахабаның дүние-мүлікке, байлыққа деген құштарлығы ерекше болатын. Жатса-тұрса бай болсам, байлыққа бір қол жеткізсем деп көксеген ол, бар аңсарының соған ауғаны соншалық, ойлай-ойлай шақшадай басы шарадай болып, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылды. Ақыр соңында шыдамаған ол Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп: