Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 2951
Печать

shaitanga-ergen-adasadyБір әңгімеде біраз адамдардың кейбірінің Алланы қойып, өсіп тұрған ағашқа табына бастағаны туралы хикая баяндалады. Мұны естіген бір тақуа кісі оның адамға еш зарар келтіре алмайтын және ешкімді қорғай да алмайтын құр жансыз нәрсе екендігіне көздерін жеткізіп, құлшылық етуге лайық тек Алла Тағала ғана екенін ұқтыру үшін оны кесіп тастамаққа бекінеді. Сол кезде адам кейпіне енген шайтан одан: “Сен не істегелі тұрсың?” - деп сұрайды. Тақуа кісі: “Адамдардың Алла Тағаланы ұмытып, өздеріне Тәңір етіп алган ағашты шауып тастамақпын,” - дейді. Сонда шайтан: “Саған одан келер зиян не? Өз Тәңіріңді біліп, оған құлшылық ет те жүре бер. Оларда не шаруаң бар?” - дейді.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 3525
Печать

ata-anaga-jaksylyk-jasauАлла Тағала Құран Кәрімде: “Адамдарға ата-анасына жақсылық етуді бұйырдық” - дейді. Ата-ананың көңілінен шығып, оларға жақсылық жасау адамға дүние мен ақыреті бақытын әкеліп, оны екі дүниенің азабынан сақтайды. Ата-ананың өз балаларында көптеген қүқықтары бар. Балалары сөздерін тыңдауға, қартайған шақтарында көмек көрсетіп, қажеттерін өтеуге, күнделікті тамақтарына, қажет-жарақтарына жәрдем етуге борышты. Сондай-ақ, оларды зиярат етіп, ісімен де, сөзімен де жәрдем берулері тиіс. Егер ол екеуінің уақыты жетіп, дүниеден өтсе оларға дұға етіп, Құран оқу, мұқтаж, кемтар адамдарға тамақ беріп, садақа ету т.б. Алла Тағала разы болатын жақсы істер істеу арқылы оларға Қүдайдан рахым сұраулары керек.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 3973
Печать

amanat-turalyМеккеде бір кедей кісі өмір сүріпті. Оның иманды, діндар әйелі болған екен. Ол Аллаға құлшылық етіп, парыздарын өтейтін. Өзіне иман нығметін бергені үшін Аллаға көп мадақ айтатын. Бір күндері оларды аштық қысады. Ішіп-жерге тамақ таппайды. Сонымен, әлгі кісі кәсіп етіп, тамақ табар жұмыс іздеп шығады. Алайда оған тез арада жұмыс табыла қоймады. Содан Қағбаға беттейді. Онда Алладан өзіне кәсіп пен рызық беруін сұрап дұға етеді. Содан намаз оқып, қайтуға жиналған сәтте оның көзіне түйіншекке оралған бір нәрсе шалынады. Ашып қарағанда ішінен мың динар табады да, қатты қуанады. Әйеліне болған оқиғаны айтады.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 2809
Печать

januarga-kiyanatОсының алдында ғана жариялаған Хайуанаттарға рақымшылық ету әңгімесіне керісінше бір әңгіме былай баяндалады. Бір әйел бір мысықты қамап, оған не тамақ, не су бермейді. Содан әлгі бейшара мысық аштық пен шөлден өліп қалады. Алла Тағала әйелге істеген ісіне лайық жаза беріп, тозақ отына салады. Өйткені ол мысықты ең болмағанда босатып жіберіп, Алла Тағаланың жер бетіндегі ризығын тауып жеуіне де мүмкіндік бермеген еді. Ол туралы Алланың елшісі (с.а.с.) бір хадисінде: “Бір мысықты қамап, оны тамақтандырмаған, ең болмаса жөніне жіберіп, оның жер бетінен қорегін тауып жеуіне мүмкіндік бермеген әйел сол ісі үшін тозақ отына кірді,” - деген.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 3321
Печать

januarga-rahymwylykБір кісі жол үстінде келе жатқанда оны қатты шөл қысады. Ол айналасына қарап су іздейді. Сол маңнан құдық табады. Ол құдыққа түсіп, шөлін қандырады да, Құдайға шүкірлік етіп, өзін бұл құдыққа тап қылып, сусынын қандырғаны үшін Алла Тағалаға мадақ айтады. Сөйтіп тұрғанда шөлден тілі салақтаған бір итті көзі шалады. Иттің қатты шөлдегені соншалық, ылғал топырақты жалап тұр екен.
Оны көрген әлгі кісі: “Менің басыма түскен хал мына итке де түсіпті-ау, деп құдық ішіне қайта түсіп, аяқ киіміне су толтырып шығып әлгі итке су береді.

Подробнее...
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3503203
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
675
281
956
7907
18508
3503203