Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 2064
Печать

Тереземіздің тазалығыЖас жұбайлардың жаңа үйге көшкен кез. Таңертең жастар шәйға енді тұрса, көршілері жуылған кірлерді балконына жайып үлгіретін. Жас әйел күйеуіне 'Қарашы, кірлерді таза жумапты, түһ кір жууды да білмейді, арзан сабынмен жуған шығар' депті. Күйеуі бетіне бір қарап, үндемей таңғы асын іше беріпті. Бір ай бойы әйел көршісінің кір жуғанын көрген сайын айтқан сөзін қайталай беріпті. Бір күні қараса - көрші кірін тап-таза ғып жуып қойыпты. Аңтаң болған әйел 'О-о, мынаны қара! кір жууды ақыры үйреніпті ғой, кім үйретті екен...' десе, 'Мен таңертең сәл ертерек тұрып, терезелерді сүртіп шықтым' депті күйеуі.

Басқаларды қалай көретініміз - тереземіздің тазалығына байланысты.

 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 3029
Печать
86400 секундБанкте есеп-шотың бар делік. Сол шотыңа күн сайын таңертең 86400 доллар түседі және түскен ақшаны сол күні кешке дейін жұмсап бітіруің қажет. Бір шарты тағы бар: ол ақшаны басқа банкке аудару мүмкін емес және түгесілмеген жағдайда шоттағы сома келесі күні нөлге айналады. Ал енді не істейсің? Әрине, әйтеуір сол ақшаны не болса да жұмсауға, өз игілігіңе пайдалануға тырысасың. Мінеки, барлығымыз да “Уақыт” атты банкінің тұтынушыларымыз.
Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 2982
Печать

Адал бағбанЕртеде бір қаланың пәк әрі әділ қазысы жалғыз қызын иманды біреуге тұрмысқа бермек болады. Қызын талай байлар айттырады, бірақ олар қазының көңілінен шыға қоймайды. Бір күні қазы дем алу үшін бау-бақшасына барып жайғасады. Бақша күтушісіне жүзім әкелуін өтінеді. Ол бір шоқ жүзімді жуып, қазыға ұсынады. Қазы жүзімді ауызына сала бере, артынан іле-шала жерге түкіріп тастайды да: 

- Неге жүзімнің тәттісін алып келмегенсің? - деп сұрайды. Сонда бағбан: 

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 2630
Печать

Азан мен намаз арасыЖасы үлкен қариядан немересі сұраған екен: "Ата! Бір адамның өмірінің мерзімі қандай?" Қария күлімдеп: "Азан мен намаз арасындағы уақыт, балам" дегенде, немересі: "қалайша, өмір осыншалықты қысқа ма не?" деп сұрайды. Атасы: "иә, балам. Өмір, намазсыз азан мен азансыз намаз арасындай" дейді. Немере қайта таң қала сұрайды:

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 2588
Печать

Тәуекелдің шамасы(Халық аузынан)

Әр бір жан иесінің өзіне ғана тән, басқа ешбір адамға ұқсамайтын ерекше тағдыры бар. Сырын ешкім аша алмайтын, тылсымы аса тереңде жатқан ғажап нәрсе. Одан адам баласы ғибраттанып қана қоймаса, тұңғиығына үңіліп ұғынам деу, ақылға ауыр тиіп миыңды талдырады.

Ертеректе Тәуекел, деген адам кедейліктің зардабын әбден тартып, жанына батқан соң Аллаға жалбарына дұға қылып, таршылықтан құтқаруын сұрайды екен. Сол қаланың тұрғыны Әбдікәрім керісінше асқан бай болыпты.

Подробнее...
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3503203
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
675
281
956
7907
18508
3503203